Көкпектіде өнеркәсіп саласына ерекше мән беріледі

(Дауыстар: 1)
  • 24 қаңтар 2014, 15:33 |
  • Пікірлер: 9
Көкпектіде өнеркәсіп саласына ерекше мән беріледі

Облыстық ақпараттық орталықта қалыптасқан дәстүр бойынша БАҚ өкілдері үшін кезекті брифинг өткізілді. Бұл жолы журналистердің алдында баяндама жасап, сұрақтарына жауап берген Көкпекті ауданының әкімі Дүйсенғазы Мусин болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ол ауданның тыныс-тіршілігі, жетістіктері мен проблемалары туралы кеңінен сөз қозғады.

Алдымен ол 2013 жылы ау-данда атқарылған жұмыстардың қорытындыларына тоқталып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайында біраз мағлұмат берді.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа бағдары айқын көрсетіліп, құзырлы органдарға нақты тапсырмалар берілді. Осыны ескере келе, біз де алдағы жұмыс жоспарымызды Жолдауда айтылған мәселелер шеңберінде құратын боламыз. Жалпы, 2013 жыл ауданымыз үшін табысты аяқталды деуге болады. Әрине, кемшін қалған тұстар да жоқ емес. Дегенмен, негізгі бағыттар бойынша ілгерілеушілік байқалады. Жалпы өңірлік өнім көлемі бір жылдың ішінде 21,7 пайызға өсіп, 23,3 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында айтарлықтай алға басушылық бар. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптегі жалпы өнім көлемі 20,6 млрд. теңгені құраған, яғни 28,1 пайызға өскен. Сол сияқты құрылыс жұмыстарының жалпы сомасы 1,5 млрд. тең-гені құрап, 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1 пайызға артқан. Былтыр 2156 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда көр-сеткіш 52 пайызға өсті. Меншікті кірістің түсімі мен бөлшекті тауар айналымының көлемі де айтарлықтай ұлғайды. Шағын бизнестегі белсенді кәсіпорындардың өсу қарқыны өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 120 пайызға артты, – деді аудан басшысы.

Дүйсенғазы Мусин ауданда кенжелеп қалған басты бағыт инвестиция тарту екенін атап өтті. Жалпы, негізгі капиталдағы қаржы көлемі 2012 жылғы көрсеткіштің 80,5 пайызын ғана құраған екен. Аудан басшысы мұны 2012 жылы өңірде бұрын-соңды болып көрмеген ауқымды инвестициялардың тартылуымен, атап айтқанда, бірқатар мемлекеттік бағдар-ламалар мен «Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіптік кешені» ірі инвестициялық жобасының жүзеге асырылуымен түсіндірді.

– Облыс басшылығының қолдауымен ауданда апаттық жағдайдағы мектептердің орнына екі жаңа білім ордасы, спорттық модуль, 10 екіпәтерлі үй салынып, 6 білім беру мен 7 мәдениет нысандарына, сонымен қатар, Самар ауылындағы емхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта аудан орта-лығындағы кәріз жүйесі мен Тассай ауылындағы су құбыры жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Ауданда барлығы 33 шақырымға жуық көше жарықтандырылды. Сон-дай-ақ, Үлкенбөкен – Көкжайық – Үлгілімалшы автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мүгедектерді сауық-тыру орталығы ашылды. «Елім-ай Көкпекті» ЖШС-іне 500 миллионнан астам теңгеге жаңа техника сатып алынды, – деді аудан әкімі.

Д.Мусин журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Аудан экономикасында негізгі әрі басты орынды ауыл шаруашылығы алып отырғанын білеміз. Деректерге сенсек, ауданда-рыңызда өндірілетін өнімнің 88 пайызы ауыл ша-руашылығының тауарлары екен. Алдағы уақытта Көкпектіде өнеркәсіп саласын дамытуға қатысты қан-дай жоспарларыңыз бар?


– Жалпы, біздің аудан үшін салық салу базасын кеңейту мәселесі ерекше маңызды болып табылады. Қазіргі таңда елімізде ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін салық төлеудің жеңілдетілген тәртібі енгізілгенін білесіздер. Яғни, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер салық төлеуден босатылған деуге де болады. Бұл жәйт аудандағы салық салу базасының ке-ңейтілуіне айтарлықтай қол-байлау болып отыр. Бір мысал келтірейін, былтыр шаруа қожалықтарымыз 16 млрд. теңгенің өнімін өндіре келе, салық ретінде өз табысының 5 пайызын да төлемеген. Қазір ауданда 700-ден астам шаруа қожалығы бар. Біз арнайы есеп жүргізе келе, осы шаруа қожалықтарынан түскен салық түсімінің мөлшері 21 млн. теңгені, яғни, бар болғаны 3,4 пайызды құрағанын анықтадық. Сондықтан ауданымызда салық салу базасын кеңейту мақсатында кен орындарымен жұмысты қолға алмақпыз. Сол арқылы өңірдегі өнеркәсіп саласының бойына да қан жүгіртпек ойымыз бар.

– Аудандарыңызда екі ірі елді мекен барын білеміз. Олардың бірі – аудан орта-лығы Көкпекті ауылы болса, екіншісі – Самар ауылы. Ал енді осы екі елді мекенді салыстырмалы түрде баға-лайтын болсақ, аудан орта-лығына қарағанда Самар көш ілгері сияқты. Оны Самарда спорт модульдерінің де, әлеуметтік нысандардың да көптеп салынғанынан аңғаруымызға болады. Сұрағымыз – аудан орталығын көркейту бағытында қандай шаруалар қолға алынбақ?

– 2009 жылы аудан әкімі қызметіне тағайындалған сәтте облыс басшысы Бердібек Сапарбаев маған Көкпекті ауылын көркейту қажеттілігі туралы айтып, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Содан бері бұл бағытта айтарлықтай шаруа тындырылып, біраз мәселе шешімін тапты. Қазір төрт жыл бұрынғы Көкпекті мен бүгінгі Көкпектіні еш салыстыруға келмейді. Аудан орталығының мәртебесін арттыру, оны көркейту мақсатында қатарынан екі жыл ауқымды инвестициялар бөлінді. Бағымыз-ға орай, дәл сол жылдары «Жол картасы» бағдарламасы күшіне еніп, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тарапынан да айтарлықтай қолдау болды. Жалпы, аудан орталығын көркейтіп, дамыту бағытындағы жұмыстар бұдан былай да жалғаса бермек. Алдағы екі жыл көлемінде Көкпекті ауылын көркейтуге басымдық беретін боламыз.

Ал Самар ауылына келетін болсақ, бұл елді мекен аудан орталығына қарағанда аумағы жағынан да, халқы жағынан да үлкен. Сондықтан мұнда Көкпекті ауылында жоқ бірқатар әлеуметтік және спорттық нысандардың болуы заңды дүние деп ойлаймын. Келешекте мұндай спорт модулі мен өзге нысандар аудан орталығында да пайда болмақ.

– Естуімізше, ауданда заңсыз балық аулау факті-лері көптеп орын алуда. Қазіргі уақытта жағдайды оңалту бағытында нендей шаралар қолға алынып жатыр?

– Біздегі жағалау сызығы-ның аумағы 240 шақырымды құрайды. Әрине, мұндай үлкен аумақты бақылауда ұстау оңай шаруа емес. Жақында осы браконьерлікке қатысты мәселе қаузалған жиналысқа қатыстық. Жиналыс барысында облыстық табиғат қорғау мамандандырылған прокуратурасы мен аудан әкімдері атына біраз сын айтылып, жағдайды оңалту бағытында нақты тапсырмалар берілді. Бүгінгі таңда жағалауда ешқандай бақылау жоқ деуге болады. Балық инспекциясы да, табиғат қорғау полициясы да аталмыш мәселені бақылаудан шығарып алғанға ұқсайды. Соңғы кездері бұл мәселеге біздің тараптан да жіті мән берілмей келгендігін мойындаймын. Алдағы уақытта біраз іс-шараны қолға алмақпыз. Алдағы ақпан айында мәселенің мән-жайын хабарлайтын боламыз.

– Аудандарыңызда жер қойнауын пайдалану жұ-мыстары қаншалықты тиімді жүргізілуде?


– Бұл – біз үшін өте маңызды мәселе. Себебі, жоғарыда атап өткенімдей, осындай кен орындарын ашу арқылы біз ауданның салық салу базасын кеңейтуді көздеп отырмыз. 2014 жылы Родниковое кен орнында алтын өндіру жұмыстары қолға алынады деп жоспарлануда. Бұл өнеркәсіп көлемін 30 пайызға өсіріп, жылдық жеке кірісін 40 млн. теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта «Балажал» телімінде де алтын өндіру жұмыстары қайта жандануы мүмкін. Қазіргі таңда ауданда тек қана барлау жұмыстары (Родниковое және Құлынжон кен орындары) жүргізіліп келеді деуге болады. Осы тұста бұл іспен айналысушы компанияларға айтар үлкен өкпе-назымыз бар екенін жасырмаймын. Мысалы, Родниковое және Құлынжон кен орындарында геологиялық барлау жұмыстары жылдап жүргізіліп келеді. Құлынжонда барлау жұмыстарының 80 пайызы аяқталып қойыпты. Енді ақырындап кен өндіру жұмыстарына да кірісе беруге де болады ғой. Өйткені, бұл өнеркәсіп саласын дамытуға бет бұрған біздің аудан үшін ауадай қажет дүние. Сондықтан аталмыш кен орындары өздерінің негізгі жұмыстарына, яғни, алтын өндіруге тезірек кіріссе деген тілегім бар.

– Былтырғы көктемде Көкпекті халқы үшін су бөгендеріне толған қар суы айтарлықтай қауіп төндіргенін білеміз. Сол бөгендерді бекемдеу мәселесі толықтай шешілді ме? Биыл ондай қауіпті жағдайлар орын алмай ма?

– Былтыр наурыз айының басында ауданда жауынның мезгілсіз көп жаууы бәрімізді әбігерге салғанын білесіздер. Су бөгендері қар суына толып, арнасынан асып кетудің аз-ақ алдында қалған болатын. Абырой болғанда, қолға алынған жедел іс-қимылдар кешені арқасында апатқа жол берілмеді. Ауданымызға қалыптасқан жағдайды өз көздерімен көру үшін Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев келіп қайтты. Артынша су бөгендерін бекемдеу мақсатына респуб-ликалық бюджеттен 50 млн. теңге көлемінде қаражат та бөлінді. Өзіміз де қолдан келгенше олқы тұстардың орнын толтыруға, су бөгендерін бекемдеуге тырыстық. Қазір жағдай толықтай бақылауда. Қандай да бір төтенше жағдайға әзірміз деуге болады.

– Самар өңірінің мектеп бітірушілері ұлттық бірыңғай тестілеуден өту үшін шалғайда жатқан Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылына баруға мәжбүр. Көкпекті ауданына қарасты ауылдың түлектері не себептен өзге ауданның орталығына сабылуы қажет?


– Мұндай алыс жол жүру ҰБТ тапсыратын оқушыларға психологиялық тұрғыдан кері әсерін тигізбей қоймайтынын түсінемін. Бірнеше жыл бұрын осы мәселе бойынша Білім және ғылым министріне хат та жазған болатынбыз. Бұл іске Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Ферхоны да жұмылдырдық. Амал қанша, аталмыш мәселенің түбіне жете алмадық. Өйткені, елімізде осындай мәселеге душар болып отырған 40-тан астам аудан бар екен. Сондықтан белгіленген ортақ тәртіпке көнуден басқа амалымыз жоқ.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Еділ | 24 қаңтар 2014 18:14
Жармаға барып тест тапсырып ары бері екі ортада сабылған баланың бірі мен едім. ҰБТ-ты тапсырауға барған балаларды лагерьге апарып, бір күн қондырады. Ол лагерь орманның ішінде орналасқан. Масасы қалың, жататын жері де жаман
Сырғалым | 24 қаңтар 2014 18:17
Көкпектіде платинадан көп нәрсе жоқ. Көктемде сол үшін су тасиды, Самар, Аққала, Қойтас тағы басқа елді мекендерде платина дұрыс орналаспаған. Платинаның барлығы дерлік ауылдың жоғары жағында тұр и поэтому көктемде если су таситын болса бірден шайып кететіндігін сондықтан...
Жарас | 24 қаңтар 2014 18:22
Көкпекті ауданының Қойтас ауылында титан шығарылады. Тұрғындардың денсаулығына зияны тиіп жатыр. Бірақ оны ойлап жатқан ешқайсы жоқ. Мәдениет үйлері де өртеніп кеткен өткен жылы, терезесі бәрі жанған болса да қаңқасы тұр а ұмытып бар жатырм ол мәдениет үйінің меңгерушісіде бар айлығын алып отыр өзі көрші ауылдан бірақ бұл жердің мәдениет үйін басқарып отыр бірақ ешқандай мәдениет үйі жоқ))))))))
Саят | 24 қаңтар 2014 18:25
Ауданда проблема деген толып жатыр жолдарды жөндесін айқыш ұйқыш ылғида әйтеу бейшаралар Көкжайықтың жолын жөндей береді, өйткені келген басшылар сонда ғана барат, Шұғылбай мен Көкпектінің ортасындағы жолды жөндеңдер
Эврика | 24 қаңтар 2014 18:27
Бұлар алтынды баяғыда қазып аламыз тыраштанып жүрген әлі жүрсіңдерме орындарыңнан қозғала алмай. Жұмба деген ауылды зерттеп жатыр ет геологтарың соннан қазбақшысыңдар ма алтынды а!
Мақпал | 24 қаңтар 2014 18:30
Мектептерді анау бірінен кейін жауып жатсыңдар, қашан көріп едіңдер 2 ауылдың баласы бір мектепте тыныш оқығанын, ауыл-ауылға бөлініп төбелесіп жүрет сенбі күні үйге қайтқанға дейін, оны қойш 1 сыныпты оқитын бұлдіршіндерге жаным ашып, жүрегім ауырады
Зеретай | 24 қаңтар 2014 18:32
Осы басқа жақта қалай екенін қайдам, бізде ауылдық округтердің әкімі келіп аспандағы айда әперетіндей болып уәдені береді-ай келіп, артынан орындамайт, халықтан ұялмай ма кішкене болсада
Ауылньюс.кз | 24 қаңтар 2014 18:35
Қожамбетов жақсы қызмет еткен ауданға, қазір ештеңе істелініп жатқан жоқ, жолдың түрі анау, көрші ауылда интернатта тұрып оқып жүрген бала болса мынау, жұмыссызбыз, малға қарап күн көріп отырған біздікі
Жандарбек | 24 қаңтар 2014 18:54
Уа-ха-ха-ха))))))) Гүлденсе ауыл гүлденеміз бәріміз дид па типа((((
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар