Бағалы балық түрлері өсіріледі Бесқарағайда

(Дауыстар: 1)
  • 24 қаңтар 2014, 17:11 |
  • Пікірлер: 7
Бағалы балық түрлері  өсіріледі Бесқарағайда

Бесқарағай ауданында бірнеше инновациялық жобалар жүзеге асуда. Оның ішінде Старая Крепость ауылындағы бағалы балық түрлерін өсіруге бағытталған көпсалалы тоған шаруашылығы, Стеклянка ауылындағы сүт өңдеу цехын ашқан «Қалиқанұлы» шаруа қожалығы, Жыланды ауылында қалдықтарды кәдеге асыруға қабілетті биоотын өндірісіне арналған «Эко-Отын» ЖШС, Бірлік ауылындағы мал және көкөніс өсірумен шұғылданатын «Балке» шаруа қожалығы, тамшылатып суару жүйесі арқылы көкөніс өсіретін «Лана-2» шаруа қожалығы және демалыс, туризм бағытындағы «Екі дос» спорттық-сауықтыру кешені бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауылдың көкөніс өсірушілері тамшылатып суару технологиясы арқылы 17 мың тонна көкөніс өсіріп, Семей қаласын көкөніспен қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосуда. Ауданға арнайы іссапармен келген ШҚ басшысы Бердібек Сапарбаев мектеп ішінде орын тепкен шағын орталық қызметімен, сондай-ақ, аудандық балалар шығармашылығы үйінің глуховкалық бөлімшесі – «Умелые руки» үйірмесінің шеберлері жасаған қуыршақтармен, қолөнер бұйымдарымен танысты.

Бағалы балық түрлері  өсіріледі Бесқарағайда


Облыс басшысы Глуховка ауылдық округінің әкімі Әсемхан Ысқақовтың есептік кездесуіне қатысты.
Ә.Ысқақовтың баяндауынша, өткен жылы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар толығымен жүзеге асырылды. Мәселен, Белокаменка, Глуховка және Жыланды ауылдарында жол жөндеу, көшені жарықтандыру, жабайы иттерді ұстау бойынша жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ, былтыр жергілікті тұрғындар жайылымдық жердің азаюын жеткізген еді. Бүгінде тендер және мемлекеттік қор арқылы ғана жер телімі беріледі. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы 6 тұрғын 18 млн. теңгеге жуық шағын несие алған. Ауылда барлығы 114 шаруа қожалығы тіркелген. Егін танаптары ұлғайып, көкөніс өсірушілер өткен жылы алғаш рет қомақты субсидияға ие болды. Бірнеше жыл бойы мал басының саны тұрақты өсіп келеді. Шаруа қожалықтары Астана, Өскемен, Семей қалалары және Бесқарағай ауылында өткен жәрмеңкелерде өз өнімдерін саудалады.

Есептік кездесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді бөлісуге мүмкіндік алды.
– Бесқарағай – мал шаруашылығы өркендеген, жүзден астам шаруашылығы бар аудан. Алайда, көпшілігінің жемшөп базасы жоқ. Сондықтан, еліміздің азық-түлік белдеуін дамытуға қажетті кірістің едәуір бөлігін жоғалтамыз. Глуховка ауылдық округі – көкөніс және сүт өндіру бағытындағы азық-түлік белдеуінде орналасқан. Бұл міндетті ауылымыз орындап отыр. Мәселен, «Балке» шаруашылығы 15 жыл бойы сүт өндірумен айналысады. Қазір шаруашылық иелеріне несие, субсидия және жеңілдіктер берілуде. Біз бұл қолдауды жақсы сезініп отырмыз. Келешекте аграрлық секторда өңдеу кәсіпорындары көбейеді. Яғни, шаруашылық өкілдері үшін ұзақмерзімді несиелендіру және делдалсыз нарыққа шығуға қолдау керек. Агроөнеркәсіп – біз үшін дәстүрлі сала. Елбасы халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс өсетінін айтты. Шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұлғайтуға жұмыс істеуі, жаңа технологиялар енгізуі керек. Бұл орайда біз шаруашылыққа 120 ірі қараға арналған германдық сүт құрылғысын енгіздік, – деді «Балке» шаруа қожалығының жетекшісі Оралбек Тоқашев.

«Стелла» шаруа қожалығының жетекшісі Николай Косяков Семейге жақын орналасқан глуховкалық көкөніс өсірушілердің тамшылатып суару әдісіне қызығушылық танытып отырғанын, қазіргі кезде 200 гектар жер тамшылатып суару әдісіне көшкенін атап өтті. Бұл – өнім түсімінің ұлғаюына да жол ашады. Облыс басшысы кәсіпкерден көкөніс сақтау қоймасының әлеуетін сұрады. Н.Косяковтың айтуынша, шаруашылық қоймасында 1,5 мың тонна картоп және орам-жапырақ сақталған. Аталған өнім Семей қаласына және тендер арқылы мектеп-интернаттар мен балабақшаларға таратылады.

Аймақ басшысы кейінгі кезде өңірдегі түсті металға сұраныс аз болғанына қарамастан, ауыл шаруашылығы көрсеткіштерінің жоғары екендігін, сондықтан жерді тиімді пайдалану керектігін, бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне алынатындығын атап өтті.

– Семей қаласының жанындағы елді мекен болғандықтан, қала халқын көкөніспен қамтамасыз етесіздер. Семейде бесқарағайлық кәсіпкерлер үшін базар немесе сауда қатары ашылуы керек. Бұл мәселені аудан және қала әкімдері бірлесіп шешетін болады. Яғни, ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз тікелей сатуға жол ашылады, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы биыл Глуховка орта мектебінің жөндеуден өтетінін жеткізді. Десе де, ҰБТ бойынша көрсеткіші орта есеппен 58 баллдан аспаған, 2006 жылдан бері бірде-бір алтын белгі иегері шықпаған мектептің ұжымына білім сапасының төмендігі туралы сын айтып, оқушылардың сабақ үлгерімін жақсарту, оқулықтан өзге ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалану, «Tulek.kz» сайты арқылы жоғары жетістікке жеткен түлектердің еңбек жолын өнеге тұту туралы атап өтті.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Несіпқали Жұматаев ауыл жастарының басын қосатын Мәдениет үйі мен спорт кешенінің жоқтығын, осы мәселені тиімді шешу мүмкіндігін сұрады.

– Бұл жөнінде аудан әкіміне тапсырма берілген. Ауылда Мәдениет үйін салуға экономикалық әлеуетіміз жетеді. Бірақ ауыл әкімі алдымен бұрынғы ғимараттың меншік иесімен сөйлесуі, ғимаратты қайтарып алуы керек. Ғимараттың пайдалануға жарамдылығын тексерген соң, ауыл әкімшілігі, полиция, басқа да қызмет түрі шоғырлануы қажет. Биыл ауданда екі мектеп салынып жатыр. Егер екі мектепті бітірсек, Жыланды ауылына қажетті спорт ғимаратының жобалық-сметалық құжаттарын жасау керек. Мүмкін, спорт залынан гөрі жаңа мектеп салу керек шығар. Егер жаңа мектеп салынса, онда спорт залы да, мәжіліс залы да болады. Мәселені шешу жолдарын қарастырамыз, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, ауданның жұмыспен қамту орталығына «Жұмыспен қамту – 2020» сынды мемлекеттік бағдарла-малардың тиімді тұстарын жеткізу, шағын несие ұйымдарын ашу арқылы өз кәсібін дамытуға бағдар беру сияқты халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма жүктеді.

Думан Анаш
суреттерді түсірген:Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Фактор | 24 қаңтар 2014 19:42
Балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын бір саласын облысымызда ашсақ жақсы ғой. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі байқап дұрыс күтім жасаңдар, обалына қалмай
Ақбаян | 24 қаңтар 2014 19:44
Кеңесімді тыңдайтын адам болса бір-екі ауыз сөз айтайын: Өз ісіңізді бастау үшін, ең алдымен, қандай балық түрін өсірумен айналысатындығыңызды шешуіңіз керек. Таңдауға лайық балық түрлері – тұқы (карп), бақтақ (форель), ақсерке (семга). Балықтың бұл түрлері жақсы өседі, сонымен қатар оларға деген сұраныс та үнемі жоғары. Балық шаруашылығын жүргізудің технологиясы таңдалған балықтардың түріне байланысты. Бұл бағалы балық түрлерінің өзіне тән ерекшеліктері, күн тәртібі мен күтімі болат
Жанасыл | 24 қаңтар 2014 19:45
Балықтардың қорек ететін тағамдар құрамына түрлі мөлшерде балық ұны, балық майы, бидай, бидай және жүгері глютені, бұршақ протеині, соя протеині, майсызданған рапстың ұрығы, соя майы секілді тамақтарды беріп өсірейік
Диана | 24 қаңтар 2014 19:47
Аквариум балықтарын қалай үлкен қылып өсіруге болады?
Зеретай | 24 қаңтар 2014 19:49
Халық балық өсіруге бет бұра бастаын деген ба. Балықшылықты кәсіп қылған қазақ «өзен жағалағанның өзегі талмайды» деп бекер айтпаса керек
Жасұлан | 24 қаңтар 2014 19:50
Балық өсіріп жарытпайсыңдар сендер, бекер ақша шығындап әуре болмаңдарш босқа өздеріңді ұятқа қалдырасындар халықтың алдында
Нұрасыл | 24 қаңтар 2014 19:54
Бір күні екі балық жарысып келе жатқанда бір балық тоқтап қалыпты оған екінші балық не болып қалды деген де тұра тұршы шөлдеп қалдым депті бірінші балық)))))))))
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар