Мал басы Глубокое ауданында азайып кеткен

(Дауыстар: 1)
  • 24 қаңтар 2014, 17:50 |
  • Пікірлер: 10
Мал басы Глубокое ауданында азайып кеткен

Глубокое ауданындағы Ново-Михайловка ауылында соңғы жиырма жыл көлемінде мал басы бес есеге азайған. Қазір бұл ауылда небәрі 57 бас ірі қара қалыпты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Белоусов ауылдық округінің әкімі Айдар Әбілмәжіновтің тұрғындар алдындағы есеп беру жиынына қатысқан жұртшылықтың айтуынша, жемшөп қымбат, жайылым тар. Тұрғындар тарапынан Белокаменка ауылындағы мектепке автобус бөлу, зейнеткерлерге жеңілдетілген бағада көмір тарату және ауылдар арасындағы жолдарды жөндеу жөнінде өтініш-тілектер түсті. Сонымен қатар, Белоусов округіне қарасты шағын үш ауылды бөлек округ етіп құру туралы да ұсыныс айтылды. «Округ тым үлкен, әрі бір ғана Белоусовка кентінің мәселесі бастан асады. Жергілікті әкімнің жүктемесі ауыр» дейді көпшілік.

Мал басы Глубокое ауданында азайып кеткен

– Тұрғындар айтып отырған мәселелердің дені – шешілетін проблемалар. Кейбіреулерін 2-3 айдың көлемінде шешуге болады. Тек жұмыс істеу керек. Бәрі өзімізге байланыс-ты. Биылғы Елбасы Жолдауында да осы мәселе айрықша атап өтілді. Жалпы, барлық жергілікті әлеуметтік мәселелер осындай кездесулер барысында ашық түрде талқыланып, шешілуі тиіс. Мемлекет өз ісін ашам деушілерге үлкен қолдау көрсетуде. Глубокое ауданының топырағы құнарлы. «Мал басы кеміді, жайылым тар» дейсіздер, жер қысқарған жоқ қой, ерінбей еңбек еткен жөн. Ал мектепке автобус беру жөнінде тиісті басшыларға тапсырма беріледі. Жеке округ құру – орынды ұсыныс. Бұл туралы мен арнайы мамандарға міндеттер жүктеймін. Егер заңға сай болса, жеке округ ашу, не болмаса, осы үш ауылды көршілес округке қосу амалдарын ойластырамыз. Жеңілдетілген көмір бөлу мәселесі де қарастырылады, – деді жиынға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ауданда кәсіп ашуға ниеттілер көп. Өткен жылдың өзінде глубокоелік азаматтар 300 миллион теңгенің шағын несиесін алыпты. Алайда, тұрғындардың басым көпшілігі мемлекеттік бағдарламаларды пайдалану тетіктерін білмейді. Әкім соны ұғынықты түрде халыққа түсіндіруі керек. Осыны айтқан облыс әкімі жергілікті аудандық басшылар мен округ әкіміне бірқатар міндеттер жүктеді:
– Инфрақұрылымды дамытумен атқарушы билік айналысуы қажет. Бәрін бір демде істей алмайтынымыз да анық. Оны дұрыс түсінулеріңізді сұраймын. Бүгінгі округ әкімінің сіздерге берген уәделері жерде қалмауы тиіс, олардың атқарылуын тексеретін боламыз.

Мал басы Глубокое ауданында азайып кеткен

Округ Өскеменнің іргесінде орналасқан әрі Белокаменка ауылы облыс орталығынан Риддерге баратын күре жолдың бойында жатыр. Облыс әкімі осы мүмкіндікті де тиімді пайдалану керек екенін еске салды. Жолаушыларға түрлі сервистік қыз-мет көрсету арқылы-ақ отбасылық бюджеттің бүйірін қампайтуға болады.

– Өкінішке қарай, бізде ата-анасының зейнетақысына, не болмаса, әйелінің еңбекақысына күн көріп жүрген азаматтар бар. Бұл, әрине, дұрыс емес. Екі қолы, екі аяғы сау ер азамат ешкімге алақан жаймай, өз отбасын асырауы тиіс, – деп түйіндеді өз ойын аймақ басшысы.

Ержан Әбіш
суреттер Есімхан Орынбаевтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Ақтөре | 24 қаңтар 2014 19:00
Малдар неден азайып кеткен? Или мындардада аусыл ма?????
Жаннұр Семейден | 24 қаңтар 2014 19:01
Жемшөп жөнделмей, мал басы көбеймейді!
Аида | 24 қаңтар 2014 19:03
Қазіргі жастардың ауылда қал­ғысы жоқ. Әрине, кезінде бәріміз де оқу қуып кеттік қой, бірақ қазір жастар оқысын-оқымасын, жұмыс істесін-істемесін қалаға қарай ағы­лып жатыр. Олардың жағдайын ж­а­­самай, ауылдың инфрақұры­лы­мын көтермей, жастарға «Ауылға барып мал бақ. Қойдың соңында жүр» деу қиын...
Данияр | 24 қаңтар 2014 19:04
Бізде мал басы не­ге өспей жатыр? Өйткені әртүрлі аурудың пайда болуына бай­ланысты мал басының шығыны кө­бейіп тұр. Жеке шаруашылықта бір мал аусыл болса, соның қасында тұр­ған малдың бәрін «демеуқаржы бе­реміз» деп өр­теп, құртып жатқаны­ның куәсі бо­лып отырмыз
Айдын | 24 қаңтар 2014 19:33
Демеуқаржыны ауырып, өртелген малдың орнын толтыру үшін емес, вакцинацияға беру қажет. Уақы­тын­да вакцинация жасау - мал басын сақтаудың және оны көбейтудің ең басты жолы. Тіпті Ұлы Отан соғысы кезінің өзінде малға тұрақты, дер кезінде вакци­нация жасалғанын ескерсек, бұл істің қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес. «Ауырып ем із­де­генше, ауырмайтын жол ізде» деген адамға қатысты айтылған мәртебелі сөз болғанмен, мұның бү­кіл тіршілік иесіне де қатысы бар екенін жады­мыздаған шығармаға­нымыз жөн болар.
Еркебұлан | 24 қаңтар 2014 19:35
Аг­рар­лы елімізде төрт түлік мал өсі­ру әлімсақтан дәстүрге сай қолға алын­ған кәсіп. Дегенмен мал шаруа­шылығына қатысты кейбір келең­сіздіктердің белең алып отырғаны рас. Оның негізгісі - мал басының көңіл көншітпейтіні...
Нұрбек | 24 қаңтар 2014 19:36
Мал шаруашылығы саласында субсидиялар алу үшін қандай құжаттар жинауым керек. Араларыңызда білетін біреу болса айтсыншы өтініш
Абу Даби | 24 қаңтар 2014 19:38
Мал баққанға бітеді, малға жақсы күтім жасамағасын ғой..азайып кеткені жалқаусыңдар глубокийліктер((
Бекзат | 24 қаңтар 2014 19:40
бруцеллезден шығын болған шығар аааааааа
Окырман | 27 қаңтар 2014 11:36
„Мал басы Глубокое ауданында азайып кеткен„ дейді де хоккейшілердін суреті тур, азайып бара жаткан малдын суреті жок па? ))))))))
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар