Қазақстан олимпиада құрамасын қолдауға арналған акция өтті

(Дауыстар: 2)
  • 25 қаңтар 2014, 19:32 |
  • Пікірлер: 6
Қазақстан олимпиада құрамасын қолдауға арналған акция өтті

Астана қаласының Орталық саябағында Назарбаев Орталығы Қазақстанның олимпиада құрамасын қолдауға арналған «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» атты жалпыреспубликалық акция өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің қолдауымен өткен шара XXII қысқы Олимпиада қарсаңында қазақ елінің спортшыларына қолдау көрсетуді мақсат тұтты.

Акция аясында қатысушылар шаңғы тебу, шанамен сырғанау, биатлон, допты хоккей сынды бірнеше қысқы спорт түрлерінен бақ сынады. Назарбаев Орталығының қызметкерлері мен Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері жекелей сында сондай-ақ топтық жарыста шеберлік байқасты. Жарыс қорытындысында жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табыс етілді.

Шараның ашылу салтанатында Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының басқарушы директоры Юрий Мельниченко, Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының міндетін атқарушы Рамазан Оспан жарыс қатысушыларына ақ жол тілеп, сөз сөйлейді: «Еліміздің спортшылары талай спорт додаларына қатысып, біздің көк туымызды желбіретіп, біздің мақтанышымызға айналды. Ал біздің оқушыларымыз үшін олар үлгі алатын тұлғаларға айналды. Біздің спортшыларымыз Сочиде болатын олимпиадада жоғары жетістіктерге жетіп, биіктерден көрінеді деп сенемін.

Қазақстан олимпиада құрамасын қолдауға арналған акция өтті

Спортшыларымыздың жеңіске деген ерік-жігері, күш-қайраты, олардың рухы, олардың табандылығы бүгінгі акцияға қатысушыларға және жас спортшыларға үлгі болады деп сенемін. Бірге жеңіске жете берейік! Салауатты өмір салтын насихаттайық! Жеңіс тұғырынан табылатын сәттеріміз көп болсын», - деді Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының міндетін атқарушы.

Айта кетейік, тартысты таластың жалпыкомандалық есебінде Назарбаев Орталығының құрамасы топ бастады.

Қазақстанның олимпиада құрамасын қолдау үшін «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» ұранымен өткен спорттық жарысты еліміздің барлық облыстары қолдады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Мира | 26 қаңтар 2014 08:55
Қысқы олимпиададан жүлделі оралыңдар қыздар-жігіттер! Біз сендерге сенеміз! Алға тек Алға!
Дархан | 26 қаңтар 2014 08:57
Бұл акцияның аясында неше адам жеңіске жетті, үлкендердің арасында болды ма әлде жасөспірімдердің арасындағы спорттық жарыс па бұл?
Нұрасыл | 26 қаңтар 2014 09:00
Жалпыреспубликалық акция өткізетіндерің бар бүкіл республиканың түкпір-түкпірінен шақырмадыңдар ма? Осыдан кейін қалайша акция әділетті өтті деуге болады? Еш қисыны жоқ енше мындай спорттық акцияны ұйымдастырып.....
Жаннұр | 26 қаңтар 2014 09:01
Шанамен сырғанаудың олимпиадаға қанша қатысы бар түсінбедім, енді негізі шанамен сырғанаған кішкентай бүлдіршіндер шығар деп үміттенемін!
Өскемен | 27 қаңтар 2014 09:01
Бұндай қолдау іс шаралары еліміздің басқа қалаларында өте ме? Сол жөнінде кім біледі??? Айтыңыздарш өтініш!!
Аида | 27 қаңтар 2014 09:07
Біз Сочи олимпиадасына қатысатын жанкүйерлерге әрдайым тілекшіміз, Сочиде көк туымыз көк аспанда желбіресін!!!
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар