Тарихи-өлкетану мұражайы Аягөзде ашылды

(Дауыстар: 1)
  • 27 қаңтар 2014, 09:32 |
  • Пікірлер: 4
Тарихи-өлкетану мұражайы Аягөзде ашылды

Аягөзде аудандық тарихи-өлкетану мұражайы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Құрылысы 2011 жылы қыркүйек айында басталған нысанға ШҚО бюджетінен 79,5 млн. теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Тарихи-өлкетану мұражайының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, ақын Несіпбек Айтов, журналист-жазушы Сұлтан Оразалин мен айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин қатысты.

– Мұражайдағы негізгі экспонаттардың жалпы саны 315 бірлікті құрайды, – дейді аудан әкімі Нұрбол Нұрғалиев. – Мұражай халқымыздың тарихи-мәдени мұраларын болашақ ұрпаққа жеткізеді. Аягөздің тарихы көне заманнан басталатыны көпке белгілі. Бұл мұражайда аудан тарихы, тәуелсіздік жолындағы ел бастаған тұлғалар, сөз бастаған шешендер, қол бастаған батырлар бейнесі, өнер мен мәдениет, спорт саңлақтары, соғыс және еңбек ардагер-лері, ауданымыздың құрметті азаматтарының жеңісті де, жемісті жолдары жұрт назарына ұсынылатын болады.

Т.Тілеуберді
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Мәдениет | Кілт сөдер: мұражай

Пікірлер:

Айдын | 27 қаңтар 2014 10:41
Онда қандай заттар сақталыпты, тарихи жәдігерлер бар ма екен мұнда?
Жазира Аягөзден | 27 қаңтар 2014 10:47
Жақсы жаңалық. Өзім осы ауданның тумасымын. Бұрын ылғида Аягөз десе ел жұрттың көз алдына төбелес іздеп жүретін жастар, бірін бірі адам деп санамайтын адамдар елестеуші еді. Қазір қуанып жүрміз, біртіндеп мәдени ортаға айналып жатырмыз. Бәріне шүкіршілік дейміз
Әли | 27 қаңтар 2014 11:17
Тарихи өлкетану мұражайының ашылғаны жөн болды. Жас жеткіншектердің патриоттық рухын көтерудің жақсы бір таптырмас амалы сияқты
Еркеназ | 27 қаңтар 2014 11:19
Тарихты осылай ақырындап жасай бергеніміз дұрыс. Әйтпесе, келер ұрпаққа не бетіімізді айтамыз
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар