Қазақстандық технологтар өрік пен алмадан чипсы дайындап жатыр

(Дауыстар: 1)
  • 27 қаңтар 2014, 10:05 |
  • Пікірлер: 15
Қазақстандық технологтар  өрік пен алмадан чипсы дайындап жатыр

Өндірушілер жемістен жасалатын чипстің картоптан жасалғанынан кем түспейтінін айтады. Онымен қоса бұл картоптан жасалғаннан гөрі денсаулыққа анағұрлым пайдалы болмақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

5 пайыз ылғалдылыққа дейін кептіріліп, вакуум қаптамаға салынған дәм, 2 жылға дейін табиғи құнарлылығын жоғалтпайтын көрінеді.

Авторлар өздерінің ноу-хау өнімдерін «ЭКСПО-2017» көрмесіне ұсынбақшы.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тамақ өнімдері технологиясы» кафедрасының профессоры Әзірет Шыңғысовтың айтуынша, жемістен жасалатын қытырлақтарға қант және басқа дәм мен иісті күшейтетін зиянды қоспалар араластырылмайды екен.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Аида | 27 қаңтар 2014 10:43
Ол жаман болып кетет қой, негізі чипсы миды кептіріп тастайт дид сол қаншалық рас
Жұлдыз | 27 қаңтар 2014 10:53
Тәттінің орнына тәтті чипсиді жейтін боламыз, жегенге жеңіл жақсы тамақ өзі(((
Шыңғыс | 27 қаңтар 2014 11:07
Әйтеу, неше түрлі ойлап тауып жатыр. Енді қардан кәмпит жасап шығарсада таңқалмайтын түрім шо та, чипсы адамның ағзасына зиян, мұндайды шығармау керек деп ойлаймын. Балалардың өсіп жетілуін тоқтатып тастайын көрінеді. Балаңыздың дені сау болсын десеңіз әрине алып бермеңіз
Әсем | 27 қаңтар 2014 11:20
2017 ге дин күтуге тура келетін болды ма, өкінішті мен жуырда сатылымға шығарылама де қалсам((
Іңкәр | 27 қаңтар 2014 17:21
Майға қуырылған картоп қой чипсы дегеніңіз. Майға қуырылған картоп өз бетінше пайдалы тағам емес. Ал чипстерде табиғи ештеңе қалмайды: тек канцерогендер, май, ароматизаторлар мен дәмдеуіштер. Чипстерді күнделікті тұтыну онкологиялық аурулардың пайда болуына, сонымен қатар салмақ қосуға әкеледі
інжу | 27 қаңтар 2014 17:23
Осыларды зиян десе де жей береміз... [Абдырадым]
Жанайым | 27 қаңтар 2014 17:26
Сергелдеңге түсіріп отырған семіздік турасында Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішінде көш бастаған. Бұған әсер ететін басты жағдайдың бірі – құнарсыз тамақтың қарынды қайта-қайта ашырып, мешкейлікке әкелуі. Қуырылған тағамдардан бойды анағұрлым алшақ ұстаған жөн.
Ұлжан | 27 қаңтар 2014 17:28
«Чипсы» деп жүрген қуырылған картобымыздың құрамы өңкей тұз бен майдың қоспасы. Осыны жеген адам қалай семірмесін?!
Шыңғыс | 27 қаңтар 2014 17:32
Жылдам даяр­ланатын тағам­ әсерінен АҚШ-та алаң­даушылық пайда болған. Тіпті сол елдің президен­ті Барак Обама­ семіздікпен күресу жо­лына қаржы қарастырған. Шешімін таппай, миы қатқан мемлекеттердің қатарында біз де бармыз. Алайда бізде сол баяғы "ой, қойш бәрі әлі-ақ күшті болып кетеді" деген ой жатыр ғо)
Дәрігер | 27 қаңтар 2014 17:33
Бұл тағам­дар ауру туды­рады. Тоқ­ішектің қатерлі ісігіне шалдықтырады. Құрамында дәрумені жоқ, не пайдасы жоқ. Тез даяр­ланатын тағамдардың ішінде қауіптісі – чипсы. Майға күйді­ріліп жасалынады. Оның дайын­далу процесі стандартқа сай ма, ол жағы да беймәлім. Күйдірілген нанды (ки­риеш­киді) алып қарайық, ол қандай­ наннан даярланады? Мүмкін ол көгерген нан шығар, кім біледі аааа?!
Айғаным | 27 қаңтар 2014 17:39
Зиянын айтып жеткізу мүмкін емес. Бір қарағанда құрғақ, жеңіл секілді көрінетін астан азап шеккендер жыл сайын көбейіп келеді. Әсіресе, балалар үшін чипсы мен қуырылған картоптың зияны қисапсыз. Мамандардың айтуынша, оның құрамында түрлі қоспа бар. Сондықтан ол есірткі секілді адамды өзіне тартып тұрады. Екіншіден, жүйкеге әсер ететін жағдайлар да ұшырасады
Әнел | 27 қаңтар 2014 17:44
Чипсы жегенді қатты жақсы көрем,ылғи чипсы мен коланы алып жеп отырам,кейде көп чипсы жегеннен аузым ойылып қалады, онын зиян екенін де білем, сондықтан жемеуге қандай амал бар
Аяулым | 27 қаңтар 2014 17:46
Осы скотч дурыс ау дейм деппа ,,,,,,тыйп көрдім бырақ жегім кеп тұрат ,,,өз басым тәтті шоклаттарды жегенді жақсы көрмейм,,,,,,,,бугин чипсыдын сонгысын жеуге шешим кабылдадым
Сәуле | 27 қаңтар 2014 17:49
Дүкендерде сатылатын қытырлақ кар­топтың дайындалу технологиясына тоқталар болсақ, картоп өсімдік майында көп мөлшерде қуырылатындықтан, май ұзақ отта тұрады, да концерегенді заттар пайда болады. ал ол өте улы зат. Ал қытырлақ картопты көп жеген са­йын жаңағы улы зат ағзаға түсіп, ісік ау­руаларын туындатуы мүмкін. Бұл тек бір мысал ғана. Ал енді «чипсыйдың» тек картоптан ғана емес, тағы басқа да гені бұзылған заттардан жасалынатынына тоқталсақ, онда небір қорқынышты бол­жамдарды айтуға болады
Мирас | 10 қыркүйек 2014 21:43
Одан кейін мен бананнан чипсы жасап берем.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар