Өскеменде тағы бір қонақ үй бой көтереді

(Дауыстар: 1)
  • 27 қаңтар 2014, 10:05 |
  • Пікірлер: 5
Өскеменде тағы бір қонақ үй бой көтереді

ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Өскемен қаласындаға бірқатар құрылыс алаңдарында болып, ондағы жұмыстардың барысымен танысты, тиісті тапсырмалар берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Босфорус» біріккен қазақ-түрік кәсіпорнының тапсырысымен Өскемендегі Пермитин көшесінің бойында салынып жатқан «Дедеман-Өскемен» қонақ үй кешені аяқталуға таяу. Мұнда қазір 70 шақты жұмысшы еңбек етуде. Ғимараттың жалпы аумағы 9 мың шаршы метрден асады. 140 нөмірден тұратын төрт жұлдызды қонақ үйдің ішінде үлкен үш конференция залы, екі мейрамхана және түрік моншасы мен фитнес алаңдары болады. Құрылыс алдағы наурыз айына таман аяқталуы тиіс. Облыс әкімі қала басшысына нысанды іске қосу барысында ешқандай қағазбастылыққа жол берілмеуі тиіс екенін тапсырды.

Ал Сәтпаев даңғылының бойында Неке сарайының құрылысы жүргізілуде. Аталмыш нысан осы жылдың мамырында салынып бітуі тиіс. Өскеменде әлі күнге дейін өзінің Неке сарайы болмаған-ды. Облыстық мешіттің маңында бой көтеретін бұл ғимарат та қаланың ажарын ашып, маңызды мәдени орынға айналары сөзсіз. Аймақ басшысы мердігер ұйымның өкілдеріне сарай айналасының эстетикалық талғамға сай аббатандырылуын ескертті.

– Қаныш Сәтпаев даңғылы – қаладағы ең үздік, ең көрікті даңғылдардың бірі болады. Жолдың өзін алдағы уақытта үш жолақты етіп кеңейтеміз, өйткені автокөліктер ағыны көбейіп барады, содан кейін екі жағына аллея жасалады, даңғыл үстіне жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер салынады. Сондай-ақ, жоспарда Ертіс үстінен өтетін үлкен көпірді жөндеу жұмыстары да бар. Осы даңғыл бойындағы нысандар бұл аумақты шаһардың мәдени-демалыс, көңіл көтеру орталығына айналдыруы тиіс, – деді қаланы абаттандыру жоспарына қатысты облыс әкімі.

Өскеменде тағы бір қонақ үй бой көтереді

Осы даңғылдың бойында салынып жатқан келесі әлеуметтік нысан – Жеңіл атлетика манежі. Оның құрылысы жоба бойынша өткен жылдың соңында аяқталуы тиіс болатын. Бірақ мердігер ұйым – «Алтайстрой» серіктестігі қосымша қаржы сұрап отыр.

– Келісім бойынша жобаның құны 850 миллион теңге болатын. Одан артық қаржы бөлінбейді. Қаражат тек құрал-жабдықтарды алуға ғана қарастырылған, – деп кесіп айтты аймақ басшысы. Естеріңізге салар болсақ, манеж өңір кәсіпорындарының қаржысына салынуда.

Атап өтерлік жайт, мұндай манеж ешбір облыста жоқ. Ол 650 көрерменге арналған. Мұнда 200 метрлік жүгіру жолы, биікке секіру секторы болады. Осы жерде облыс әкімі тілшілер қауымына спорттық орталықтың жаңа директоры – Денис Рыпаковты таныстырды. Ол жұбайы, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковамен бірге осы манежде жас жеткіншектерді жаттықтыратын болады, олар Өскеменге біржолата көшіп келген. Олимпиада чемпионының өзінен тәлім алуға ниет білдіргендердің аз болмасы да анық. Аймақ басшысы манеждің барлық балалар үшін әрдайым ашық болуын және алдағы күзде осы алаңда іргелі халықаралық сайыс өткізуді тапсырды.

Бұдан әрі облыс әкімі көршілес Жекпе-жек сарайына бас сұғып, осында өтіп жатқан 1998-1999 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан ел чемпионатына қатысты.

Ержан Әбіш
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: қонақ үй

Пікірлер:

Еділ | 27 қаңтар 2014 10:43
Бұл онақ үй салынғанша тағы 5 жыл күтесіңдер әлі көресіңдер айтқаным айтқан)
Баке | 27 қаңтар 2014 10:55
Манеж не үшін салынат айтындарш а! Ондай сөзді бұрын сөзді естіп көрмеппін.... Уа-ха-ха)))))) Рыпаковаларың келді ме Өскеменге, лақтырып кетіп жүрмесін бізді((
АнАнДи | 27 қаңтар 2014 10:58
Қаланы аббаттандыру жұмыстарын жүргізген жөн. Кішкене де болса ауамыз тазарады, бұның барлығын автокөліктерге жаба беруге болмас. Сондықтан, көмірқышқыл газы азаяды егер абаттандыратын болса..қайта қуанамыз еш қарсылығымз жоқ!
Диас | 27 қаңтар 2014 10:59
Біздің қаламызда жыл сайын жаңа ғимараттар бой көтеріп келе жатыр. Қаламыз жылдан жылға көркейіп келеді.
Айжан | 27 қаңтар 2014 11:08
Ой бұны қойш, тұрғын үйлердің құрылысы қашан аяқталад, жүрген түріміз болса мынау қаңғып квартира жалдап тұрып жатқан
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар