Өскемендегі театр құрылысы қашан аяқталады?

(Дауыстар: 1)
  • 27 қаңтар 2014, 10:49 |
  • Пікірлер: 6
Өскемендегі театр құрылысы қашан аяқталады?

Қазақ драма театрының құрылысы Өскеменде осыдан екі жыл бұрын басталған болатын. Шығыс Қазақстан блыстық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша «АДС» компаниясы салып жатқан бұл мәдени орталық осы жылы толық аяқталуы тиіс. ШҚО басшылығы мердігерлерге осындай міндет қойып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ең соңғы мерзім – маусым айы. Қазір құрылыс алаңында қажетті материалдар да, еңбек күші де жетерлік. Негізгі жұмыстар аяқталған, тек нысанның іші-сыртын әрлеу ғана қалып отыр.

Мәдениет ошағы заман талабына сай болуы шарт, ең бастысы, көрермендер мен әртістерге барлық жағдай жасалуы тиіс. Мұнда Еуропадан озық үлгідегі құрал-жабдықтар әкелініп, орнатылмақ. Әлбетте, екі үлкен залдан, сондай-ақ, түрлі қосалқы орынжайлардан тұратын мұндай үлкен театр Өскеменнің көркіне көрік қосып қана қоймай, өңірдің мәдениет саласын өрістетуге де зор ықпалын тигізбек.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Жасұлан | 27 қаңтар 2014 11:25
Бұл құрылыс нысандарының бәрін неге КШТ-да салып жатыр? Әлде орталықта орын жоқ па? Жақын арада театр аяқталып, спектакль көруге бара қаласыңдар дей алмайм))
Эврика | 27 қаңтар 2014 11:27
Осы құрылыста қанша адам жұмыс істеп жатыр? Оған қанша қаржы жұмсалған, кім біледі? Мүмкін жұмыс күші аз болғандықтан нысан кешіктіріліп жатқан шығар. Сондықтан жөнсіз сөге бермеңдер.
Айару | 27 қаңтар 2014 11:29
Биылғы қыс бұрынғы жылдардағыдай емес, меніңше мынабіреу құрылысты көзге күйік қылмай тезірек салып тастауларыңа вазможнасть өте көп. Жалқаулаңбаңдар, жұмысты тез істесең, тез бітіресің))
Инабат | 27 қаңтар 2014 11:31
Маусым айында бітсе, ондеше тамыздан бастап театрдан қойылым көруге бара аламызба? Осы жаңадан ашылған театрға Жамбыл театрының актерлері орналаса ма барып
Дамира Риддерден | 27 қаңтар 2014 11:35
Ішкі сыртқы әрлеу жұмыстарын қай компанияның мердігерлері жасайтын болыпты? Әдемі болатын шығар ия
така | 27 қаңтар 2014 20:40
как всегда жогарыда отыргандар соган болинген акшаны калталарына ба сып алды бул казир уиреншикти нарсе гои
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар