Жастар ҚР Президентінің Жолдауына қолдау көрсетті

(Дауыстар: 1)
Жастар ҚР Президентінің Жолдауына қолдау көрсетті

Өскемендік жастар «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына – қолдау» атты форум ұйымдастырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Елбасы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты өзінің ел халқына арнаған 18-ші Жолдауында бұл игі жобалардың игілігін болашақтың иелері – бүгінгі жастар көретінін қадап айтқан-ды. Сондықтан биылғы Жолдаудан өзінің нұрлы болашағын көрген 700-ден астам жалынды жас келді бұл басқосуға. Белсенді жас буын «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» деп жырлап, ерекше сенім артқан Мағжанның әулиелігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жастар биылғы Жолдаудағы ең негізгі жеті бағытты жан-жақты талдапты.

– «Қазақстан-2050» Стратегиясы – болашақтың бағыт-бағдары, ал болашақ – мына біз жастармыз. Жолдаудың ең басты мазмұны – «Мәңгілік ел» идеясы. Бұл кешегі елім деп еңіреген бабаларымыздың арманы болатын. Сол арманды ақиқатқа айналдыратын бұл Жолдаудың біз үшін әрбір жолы қадірлі, – деді форумда сөз алған облыстық жастар басқармасының маманы Еркебұлан Балтабеков.

Иә, айтары анық, сөзі нық, ойы мығым жастар форумда көсіле сөйлегенде талай жанға таңдай қақтырды. Әр айтылған сөзді зор қошеметпен қоштаған, қолдаған белсенді жастар. Ел-жұртқа танымал өнерпаздар да басқосуға келіп, тебірене ән шырқады. Бір ниет, бір тілекке тоғысқан өзге ұлт өкілдері де жетерлік. Әр салада қызмет істейтін жастардың басы бір қосылды бұл кеште. Жас та болса, бас болып жүрген кәсіпкерлер де келіпті.

– Менің жеке кәсіпкерлікпен айналысқаныма 2 жыл болды. Қазір қоластымда 18 адам жұмыс істеуде. Соңғы жылдары елімізде бизнеске жақсы қолдау көрсетіліп келеді. Тіліміз басқа болғанымен, тілегіміз бір болса, жүзіміз басқа болғанымен, жүрегіміз бір болса, 2050 стратегиясын мүлтіксіз орындап, биік белестерге шығарымыз ақиқат, – деді «Сервис-мастер» ЖШС-ның директоры Рамазан Селезников.

Мұратхан Кенжеханұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар