ШҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды

(Дауыстар: 1)
  • 27 қаңтар 2014, 13:54 |
  • Пікірлер: 8
ШҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды

Пара алды деген күдік бойынша ШҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары ұсталды, деп жазады Yk.kz сайты.

Құқық қорғау органдарындағы мәлімет көздерінің дерегіне сәйкес, өткен жұма, яғни қаңтардың 24-де қаржы полициясы ШҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Құрманғалиевті қылмыс үстінде ұстаған. Әзірге белгілісі, пара көлемі 2 миллион теңге.

Облыстық әкімдік пен құрылыс басқармасы бұл мәліметті растап отыр, алайда орын алған қылмыстық оқиға туралы дәл қазір ешқандай ресми ақпарат жоқ.

Қаржы полициясы оқиғаның мән-жайы туралы ақпаратты бүгін береді деп күтілуде.

Ұлан Ақтайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Нұрасыл | 27 қаңтар 2014 18:06
Уа-ха-ха-ха))))) Біздің елде парасыз бітетін жұмыс жоқ қой....
Інжу | 27 қаңтар 2014 18:08
Пара алатындар жетіп артылады. Бұл ұлт болып күресетін іс.
Дамир | 27 қаңтар 2014 18:09
Жұмысқа тұру үшін дәрігердің рұқсаты керек дегесін құжаттарды құнттауға кірістім. Әлгі құжаттарды рәсімдеу үшін пәленбай дәрігерге кіріп, мөр қойдыруым керек. Онымен жүрсем биыл бітпейтін түрі бар. Аурухананың бір қызметкерімен сөйлесіп көріп едім, аздаған ақша берсең істеп беремін дегенді айтты. Сөйтіп оны ризалап, тиісті құжатқа оңай қол жеткіздім. Бұндай қадамға мен амалымның жоқтығынан бардым. Тезірек жұмысқа тұруым керек болды. Қазіргі кезде өмір сүрудің өзі қиындап кетті ғой. Енді пара бермеймін ғой деп ойлаймын.
Өскемен | 27 қаңтар 2014 18:12
Сыбайлас жемқорлық жағынан қатты қадағалауды қажет ететін банк саласы. Егер мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жақсылы-жаманды жүргізіліп жатса, банк жүйесі қызметінде осындай жұмыстар жоқтың қасы. Нақты өндіріспен айналысатын адамдар арасында банк саласындағы парақорлық туралы әңгімелердің жиі болып тұратыны құпия емес. Бұл арада әңгіме бірнеше мың емес, бірнеше жүз мың немесе миллион болатын теңге, тіпті басқа да валюта туралы айтылады
Атым жоқ | 27 қаңтар 2014 18:13
Пара бермеген, алмаған да адам сияқты...
Руслан | 27 қаңтар 2014 18:14
Атам қазақ: «Дәніккеннен құныққан жаман» демеп пе еді? Бұл сөзді олар естен шығарған. Білсе де үйреншікті тірлігін жасауға әдеттеніп кеткен ессе
Батырхан | 27 қаңтар 2014 18:17
Көп жағдайда болмашы қылмыстар үшін қатардағы қызметкерлер қылмыстық істердің фигуранттарына айналып жатады, ал жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасайтын лауазымды тұлғалар уәкілетті органдардың назарынан тыс қалып жатат ұсталғаны дұырс болды, бұндайларды 20 жылға бас бостандығынан айыру керек
Асқар | 27 қаңтар 2014 18:21
Осы бар ғой арандатушылардың итермелеуімен пара алатындардың да, оларды өз пайдасына сатып алатын пара берушілердің де заң алдында жауапкершілігі бірдей болып, қатаң жазаланатын болсын делік. Ал параны мәжбүрлеп, қорқытып алатындарға қандай шара қолданылад? Олар да Қылмыстық кодекстің сол бабымен соттала ма, әлде оларға арналған жеке бап немесе қосымша тармақ қосыла ма?
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар