Жемқорлардың жетінші ұрпағына дейін халық қарғысын арқалату керек - Нұрлан Ерімбетов

(Дауыстар: 1)
  • 27 қаңтар 2014, 15:01 |
  • Пікірлер: 2
Жемқорлардың жетінші ұрпағына дейін халық қарғысын арқалату керек - Нұрлан Ерімбетов

Саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық кеңес отырысында тың идеялар ұсынды. Оның айтуынша жемқорлардың баласы мен немересіне, тіпті ұрпағының жетінші буынына дейін қарғыс айту керек. Онымен қоса жемқордың ұрпағын мемлекеттік қызметке мүлдем жолатпаған ләзім.

- Жемқорлық тақырыбында бір талай әдебиеттер ақтарып шықтым, бірақ ешқандай ақылға қонымды тың идеялар таба алмадым. Кітап авторларының қиялы қылмыскер тұлыбын көпшілік алдында өрттеу сияқты қарабайыр дүниелерден аса алмапты,-дейді Нұрлан Ерімбетов.

- Осыған орай саясаткер, жемқорларды жазалаудың өзіндік әдістерін ұсынады:

«Жемқорлардың жетінші буынына дейін мемлекеттік қызметке орналаса алмайтындай етіп неге істемеске? Мүмкін оны немере шөбересіне жасалған халық қарғысы тоқтата алатын шығар? Олардың түрмедегі мүсәпір халін, қылмыскерлердің арасында қалай отырғанын, сүмірейіп сапта келе жатқандығын теледидардан жиі көрсетіп отырсақ. Әр облыста жаңағы жемқорлардан тәркіленген қаржы құйылатын банк ашу керек»

Ерімбетовтың айтуынша жемқорлық фактісін жариялаған адамға берілетін 100-150 мың теңге сыйақы жеткіліксіз. Оған жемқордан тәркіленген дүние-мүліктің жартысы берілуі керек. Сонда ол азамат өзінен, жалпы халықтан ұрланған ақшаның орны толғанын сезінетін болады. Отырыста Араб Әмірліктерінде қолданылатын тәжірибе жөнінде де айтылды. Ондағы бай шейхтер әу баста жол жүру ережелерін сақтағысы келмеген. Мемлекет осы жерде мешіттермен бірлесе отырып жазаның жаңа түрін қолданысқа енгізеді. Егер шейх жол апатына өзі кінәлі болып қаза тапса, мешіттер марқұмның жаназасын шығармайды екен.

- Билік өкілдерінің қатысуымен болатын жемқорлыққа қарсы форумдардың ешқандай берері жоқ, Ал ең үздік жемқорлыққа қарсы плакаттар байқауы дегенің ол орта ғасырларға да қажетсіз тәсілдер,-дейді Нұрлан Ерімбетов.

Ұлан Ақтайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

түсінбеймін | 29 қаңтар 2014 15:50
"сын за отца не отвечает" деген бар емес пе? жалпы қарғыс айту деген дұрыс емес қой, принцип бумеранга еще никто не отменял. и вообще, какие-то средневековые наказания предлагает этот политолог. я раньше его как-то уважала, а сейчас "фу, редиска!"
Атым бар | 29 қаңтар 2014 17:17
Е оданда Қасым ханның "Жеті жарғысын" қайтадан заң ғып қабылдау салмаймыз ба? Сонда бекерге бас ауырта бермейсіңдер, мен білсем өкіметке жағатын заңдар "Жеті жарғыда" тошны айтылған.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар