Туберкулез ауруының жұқпалы түрімен ауратындар Өскеменнің көшелерінде емін-еркін қыдырып жүр

(Дауыстар: 1)
  • 27 қаңтар 2014, 18:16 |
  • Пікірлер: 8
Туберкулез ауруының жұқпалы түрімен ауратындар Өскеменнің көшелерінде емін-еркін қыдырып жүрӨскеменнің көшелерінде туберкулез ауруының жұқпалы түрімен ауратын адамдар емін-еркін қыдырып жүр. Жергілікті дәрігерлер осылай дейді. Ақ халаттылардың айтуынша ауруларды іздеп тауып, диспансерге алып келу жұмыстарымен полиция айналысу керек, алайда тәртіп сақшыларының өз жұмыстары бастарынан асады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Заң бойынша туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды ғана еркінен тыс емдеуге болады екен. Мұндай науқастар көбінесе дәрігерлерден тығылып, стационарлардан қашып жүреді.

- Олардың дені алкоголизм мен нашақорлық ауруына шалдыққандар. Көбінесе түзету мекемелерінен шыққан адамдар бізге түсіп жатады. Мәселенің бәрі осы жерден шығады,-дейді ШҚО туберкулез диспансерінің бас дәрігері Асқар Зетов.

Бас дәрігердің айтуынша жұқпалы туберкулезбен ауыратын науқастың тұрғылықты жері анықталса, диспансер қызметкерлері оны бірден тауып әкеледі. Негізгі мәселе, олардың нақты тұрғылықты жерлерінің болмауында. Пәтерден пәтерге көшіп орын ауыстырғандарды, немесе көшеде күнелтіп жүргендерді табу қиынға соғатын көрінеді. Ең күрделісі осы.

- Біздің міндетіміз ауыруды құлан-таза емдеп шығару. Жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында біздің ішкі істер органдарына көптеген өтініштер жасадық. Әзірге полиция қызметкерлерімен бірлесе жұмыс істеу мүмкін болмай тұр. Өткен жылы облыстық ішкі істер департаментіне аурулардың аты жөні мен тұрғылықты мекендері көрсетілген 100-ден аса хат жібердік. Өкінішке орай олардың 20 пайызы ғана нәтижелі болды. Басқасы әлі күнге туберкулездің жұқпалы түрімен көшелерде қыдырып жүр,-дейді Асқар Зетов.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Айша | 27 қаңтар 2014 18:27
Нағыз масқара. Ертең қала тұрғындарына аты жаман ауру жұғып кететін болса кім кінәлі болады? Жауапкершілік не дәрігерде де не емделуші науқаста да жоқ, не болып кетті өзі
Инабат | 27 қаңтар 2014 18:31
Әлеуметтік аурулардың қатарына жатқызылған туберкулезді емдеуге болады. Біздің науқастардың арасында «иттің майын, борсықтың майын ішсем, құлан-таза айығып кетемін» деген қате түсінік те бар. Туберкулездің ең негізгі емі — спецификалық препараттар. Ауру асқынып тұрғанда «иттің майын ішіп жазыламын» деген — ақымақтық. Әрине, жақсы, майлы, калориялы тамақтар жеу керектігіне таласым жоқ. Ауруды жұқпалы сатысынан спецификалық препараттармен емдеп шығарғаннан кейін тиімді тамақтану үшін ас мәзіріне иттің майын қосқаннан гөрі қымыз ішіп, ағарған ішіп жүрген дұрыс болады. Біз иттің етін жеп өскен жоқпыз ғой. Біздің генімізде қымыз бар. Ата-бабаларымыз қымыз бен шұбаттың денсаулыққа пайдасын білген.
Дархан | 27 қаңтар 2014 18:32
Туберкулезбен ауырып қалмау үшін денені шынықтыру керек, спортпен шұғылдану керек. Таза ауаға да жиі шыққан пайдалы. Мысалы, өзім осы жерде бір сағат отырамын да, далаға 10 минут жүріп келемін. Егер бір бөлменің есік-терезесін ауа өткізетін саңылау қалдырмай қымтап, туберкулездің жұқпалы сатысындағы бір адамды және сап-сау үш адамды қамап қойса, үш адамға инфекцияның жұғуы мүмкін. Ал далада, таза ауада, терезесі ашық көлікте, ғимаратта инфекцияның жұғу қаупі төмен. Одан қорықпаған дұрыс.
Бекзат | 27 қаңтар 2014 18:34
Туберкулез қоздырғыштары ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, оқығанда, түшкіргенде бактерия шығару арқылы ауаға тарайды. Ауаның жұтқан адамдарға бактерия жоғарғы тыныс алу жолдарына, өкпелеріне түседі. Осылайша туберкулезді жұқтыру жүреді. Сондықтан осы аурумен ауыратындар тезірек емханага барып қаралыңыздар
Ауылньюс.кз | 27 қаңтар 2014 18:36
Мал - туберкулез инфекциясын таратушы дид қой. Рас па сол?
Шолпан | 27 қаңтар 2014 18:38
- Ем қабылдамайтын әp6ip наукас 10 адамнан 15 адамға дейін ауруын жұктырады
- Туберкулезге шалдыққандардың 75% 20 - 40 жастағы адамдарды кұрайды
- Жылсайын 2 миллион адам қайтыс болады
- Туберкулезді дуниежүзінде әр секундта 1 адам жұктырады
- Жұқтырғандардың тек 5 -10%-ында ғaнa ауру дамуы мумкін
Санжар мен Қайсар | 27 қаңтар 2014 21:46
Туберкулез ауруының жұқпалы түрімен ауыратындар Өскеменнің көшелерінде емін-еркін қыдырып жүрмес үшін ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеп, осы аурумен ауыратындардың тізімін шығарып беру керек. Сонда оларды милиция қызметкерлері іздеп табады ессе мекен-жайы белгісіз болсада
Мақпал | 28 қаңтар 2014 09:07
Туберкулезбен ауыратын жандарды жылына 4 рет тубдиспансерге жатқызып тұру керек, солай шақтық шараларын жүргізбесек басқалай мүлдем болмайды халқым
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар