Семейде өзін-өзі ұрлаған қыз үш жылға сотталды

(Дауыстар: 4)
  • 28 қаңтар 2014, 11:59 |
  • Пікірлер: 9
Семейде өзін-өзі ұрлаған қыз үш жылға сотталды

2013 жылдың жаз айларында полиция бөлімшесіне 23 жастағы қала тұрғыны келіп өтініш түсірген. Бойжеткеннің айтуынша, белгісіз біреулер оны Семейдегі Түйемойнақ аралына алып кетіп, денесіне зақым келтірген, оның жеке заттарын қолды қылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қылмыскерлер іздерін суытққаннан кейін жәбірленуші сол жерде тұрып ата-анасына қоңырау шалады, олар болса қыздарының құқық қорғау органдарына тездетіп өтініш жазуға үгіттейді. Белгісіз бұзақылардан зарддап шеккен қыз болса полицияға шағымдануға үзілді –кесілді қарсылық танытқан.

Тергеушілер мәліметінде былай жазылған: «Жәбірленушінің сыртқы келбетінен соққыға жығылғандығы көрініп тұрды. Оның бет-бейнесі мен денесі бірнеше жерден жараланған».

Алайда, тергеу барысында бойжеткенннің өзін-өзі ұрлағандығы анықталды. Өзіне жігіті мен ата-анасының назарын аудару үшін ол осындай қадамға барған. Анықталғандай, дәл сол күні қызы мен әкесінің арасында тұрмыстық түсінбеушіліктер болған.

«Ойдан шығарылған оқиғалық сценарий барысында қыз сөмкесінен темір эмблеманы жұлып алып, өз денесіне өзі бірнеше жерден жарақат түсірген. Жанындағы досы джинсысы мен кофтасын жыртып беріп, оның арқасынан таяқпен ұруға көмектеседі. Ал қолды болған әмиян мен телефонды ол өзінің көмекшісіне бере салған»,-деп мәлімдейді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетерлік тағы бір жәйт, тергеу барысында «ұрланған қыз» бірнеше күдіктілердің арасынан өзін жәбірлеген қылмыскерді танып қойыпты. Ол сот шешімімен жалған шағым түсіргені үшін айыпталып, 3 жылға шартты түрде сотталды.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Әйкерім | 28 қаңтар 2014 12:40
М..да неше түрлі қызық болады. Ұят қайда, НАМЫС қайда? Бала деген ата-ананың үмітін ақтау керек емес пе?
Динара | 28 қаңтар 2014 12:43
Өткенде осыған ұқсас жағдай болған, бірақ ол ұл бала еді. Ақшалары жетпей ме әлде? Түсінбеймін мүлдем өзін өзі тонағаны қай сасқаны? Сұмдық-ай.....
Дархан | 28 қаңтар 2014 12:48
Мәәәәәә, кино дамымайт, қазақтың киносы нашар, жаман деп болмайсыңдар ғой осы біріңнен кейін бірің айтып, мына қыздан жақсы КИНОСЦЕНАРИСТ шығат екен)) Уа-ха-ха-ха, кино емес тіпті телесериалдың сюжетін жазғызуға болады
Мен | 28 қаңтар 2014 12:52
Өзінің денесіне қалайша зақым келтіреді, денсаулығына жаман ғо..өзім ешқашан бұлай жасамас едім ешқашан. Мына қыздың психикасына тошны бірдеме болған, әйтпесе, есі дұрыс адам өзін-өзі тонай ма а???!!!!!!!
Эврика | 28 қаңтар 2014 13:01
Қандай мамандықта жұмыс істейт бұл қыз? Кешеден бері әйтеу елдің бірі жігіт үшін 9 қабаттан секіріп кетіп жатса, енді бірі өзін өзі тонап жатыр?! Айналайын, қыздар, ата-анаң саған міндетті түрде көңіл бөледі ғой күнделікті, ал жігіттің назарын аударту үшін бұлай істеу дұрыс емес! Ойланып істеңдер не істесеңдерде!!
Лаура | 28 қаңтар 2014 13:07
23жасар бойжеткен қыз тонаушыларға сырғасын, сақинасы мен ақшасын береді. Осы сәтте жол бойымен өтіп бара жатқан автокөлікті көріп, ол орнынан тұрып жолға қарай жүгіреді. Келісіп алған, ол ана қыз полицияға тығылып үлгереді. Зардап шеккен қыздан арыз түсісімен полицейлер қылмыс жасалған ауданда шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізген деп естіп едім
Аида | 28 қаңтар 2014 13:12
ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ түкте етпейт басқа біреу қапыда ұрлап кеткенше мұнысы жақсы екен))))) Логикасы мықты, фантазиясы джыыыынддддыыыыыыыы базар жоқ
Баке | 28 қаңтар 2014 13:15
3 жыл емес 10 жыл беру керек з жыл аздық етет мындай қарақшысымақтарға
Айка | 29 қаңтар 2014 17:31
недеген сумдык нарсе, озин ози урлаганес 21 гасыр не боп барат.....
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар