Семейдегі көпірдің күтіміне 2 миллиард теңге қаржы жұмсалады

(Дауыстар: 2)
Семейдегі көпірдің күтіміне 2 миллиард теңге  қаржы жұмсалады

Шығыс Қазақстан облысының жеті кереметінің бірі саналатын Семейдің аспалы көпірі ерекше күтімді қажет етеді. Стратегиялық маңызы зор нысанның салынғанына 14 жылға жуықтаған. Алайда, оны ерекше күтімге алуды жергілікті бюджет көтермейді.

Осыған дейін айтылып келген бұл пікірді баспасөз мәслихатында қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сабыр Әшелов қайталап айтты.

- Жалпы, аталмыш нысанды күтіп ұстау қала бюджетіне ауыр тиеді. Көпірдің үстіне сараптама жүргізу мен оған апаратын айналма жолдарды күрделі жөндеуден өткізу үшін қомақты қаражат қажет. Сол себептен халықаралық маңызы бар айрықша көпірді республика балансына алу мәселесі көтерілді, – деді Сабыр Даярханұлы. Бөлім басшысының айтуынша, қала ішіндегі жол мәселесі бүгінде біршама жөнге келген. Түйіткілді мәселе тек осы көпірге ғана тіреліп тұр.

Ертіс үстіндегі аспалы көпірді жыл сайын зерттеу сараптамасынан өткізу үшін әрі жақсылап ұстау үшін ең кемі 2 млрд. теңге қажет. Бұл мәселені неғұрлым жылдамырақ шешпесе, көпірдің ахуалы да жыл өткен сайын күрделене бермек. Қазір жергілікті атқарушы билік мәселені басты назарға алып отыр.

Бүгінде шаһар көркі саналатын аспалы көпірмен тәулігіне 70-80 мың көлік өтеді. Шамамен 30-40 пайызы транзиттік көліктер. Олардың басым көпшілігі ауыр жүк тасымалдайды.

Көпірді және оған бастап апаратын жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу жергілікті «Көпірбасқармасы» мекемесінің құзырына кіреді. Маусым сайын қардан тазартылып, азды-көпті жамап-жасқалуда. Дегенмен, өткен жылы тексеру жүргізген жапондық мамандар мұнымен қанағаттануға болмайтынын айтқан еді. Себебі, құбылмалы ауа райы, 40 градустан асатын аяз бен жаздың аптабы көпір асфальтының бүлінуін жыл өткен сайын жылдамдата бермек.

Елімізде бұл аспалы көпірдің жағдайын зерделейтін мамандар жоқ. Сондықтан көпірдің ахуалын анықтауға жапондықтар көмекке келуде. Әйтседе, барлық мәселе қаржыға келіп тірелетіндіктен ахуал әзірге толық шешімін таппай тұр.

Айта кетейік, қалаға көрік сыйлаған аспалы көпірдің биіктігі 100 метр болса, ұзындығы -750 метр, ал ені – 35 метрді құрайды. Құрылысты жапондық «Аячай» фирмасы екі жыл бойы жүргізді. Мұндай көпірлер әлемнің 18 қаласында ғана бар, ал ТМД елдерінде жалғыз Семейде ғана салынған.

Қуаныш Шәкенұлы
Мәлімет көзі: Munara.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар