22 ақпан күні Өскеменде темір тұлпарлар бәйгесі басталады

(Дауыстар: 1)
  • 29 қаңтар 2014, 10:56 |
  • Пікірлер: 5
22 ақпан күні Өскеменде темір тұлпарлар бәйгесі басталады

"Джип-Спринт" деп аталатын жол талғамайтын көліктер жарысы бойынша ШҚО чемпионатының бірінші кезеңі 22 ақпанда басталады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарыс - понтон көпірі маңында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша бәйгенің салтанатты ашылуы 22 ақпан күні таңертеңгі сағат 9-да, ал жарыстар екі сағат кейін басталады.

Алдымен сайыс алаңында жылдамдығы уақытқа есептелетін жұптық жарыстар ұйымдастырылады. Тас жолдардың өзіндік қиындықтар бар, шұғыл бұрылыстар, ой-шұңқырлар және басқа да табиғи кедергілер. Жүргізушінің міндеті - белгіленген ара қашықтықты барынша азғана уақытта жүріп өту.

7 кезеңнен тұратын авто бәйгенің алғашқысы – спринт. Оған туризм және спорт класына жататын автомобильдер кіреді. Жолдың ұзындығы мен жарыстың басқа да жай-жапсарын ұйымдастырушылар әзірге жасырып отыр.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Спорт | Кілт сөдер: бәйге

Пікірлер:

Жасұлан | 29 қаңтар 2014 14:42
Уа-ха-ха))) запорожбен джигулиге қатысуға болмай ма екен жарысқа?
Дархан | 29 қаңтар 2014 14:47
Жылқының шын бағасын беріп тұрып,
Алдық біз машинадан көлік мініп.
Шапшаңдық шылауында кете бардық,
Көңілге бір керемет желік кіріп.
Жүрісі машинаның құйын-елес,
(Егесу машинамен, қиын егес).
Тұлпарды талдыратын тәуліктік жер,
Моторлы машинаға бұйым емес.
Жылқының азайды деп ақтар ісі,
Көбейді машинаны мақтар кісі.
Адамның делебесін қоздыратын,
Азайып бара жатыр aт жарысы.
Аида | 29 қаңтар 2014 17:14
Бұндай жарыстарды өткізіп қажет емес, онсызда жыл сайын елімізде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар саны жетіп артылады. Осындай жарысты қалай ұйымдастырасыңдар біле тұра???? Құдай сақтасын, дегенменде осы аталған жарыста авария болып қалса қайтпексіңдер, сол зардап шеккен адамның өміріне жауап бере аласыңдар ма?????? алдымен сол жайында ойланып алып айтқандарың жөн болар мұндайды
Еділ | 29 қаңтар 2014 17:22
Біздің ауылда көктем бастала салысымен трактірмен жер жыртудан жарыс, сосын бар ғой күзде егінді комбайнмен жинаудан жарыс болады)) десең ия а!
УКА | 29 қаңтар 2014 22:52
Көрермен болуға бола ма? Барып көрмесем бе, айтқаным айтқан осыдан бармасам Ілияс болмай кетейін?!
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар