Тұрғын үй-құрылыс жинағын өзгеге сатуға тыйым салынғаны рас па?

(Дауыстар: 1)
Тұрғын үй-құрылыс жинағын өзгеге сатуға тыйым салынғаны рас па?

– Осыдан бір жыл бұрын тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінен баспаналы болсам деген үмітпен есепшот ашқан едім. Бірақ қазір сол есепшотымды сатсам деп ойланып жүрмін. Жақында бір танысым банктегі есепшотты сатуға тыйым салынғанын айтты. Осы орайда бұл сөздің қаншалықты растығын білгім келеді. Есепшотымды жапсам, мемлекеттің пайыздық сыйақысы кімде қалады?

Марал Дүйсенбина, Семей

Оқырман сауалына «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының клиенттермен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Шынар Кезетенева жауап береді:

– Расында да бұрын «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінен» есепшот ашқан әр тұтынушы өзінің атындағы есепшотты кез келген адамның атына қайта рәсімдей алатын. Мұны кейбір тұтынушылар есепшотты сату деп те атайтын. Мұндай әрекетке көбіне мемлекет аударған пайыздық сыйақы мөлшерлемесін өзінде сақтап қалғысы келген банк тұтынушылары баратын. Ал өткен жылдың қараша айынан бас-тап банк бас-шылығы арнайы бұйрық шығарып, енді клиенттердің өз атындағы есепшотты бөгде адам-ның атына қайта рәсім-деуге тыйым салды. Өйткені, мұндай операцияның пәтер кезегінің ауысып кетуіне кері әсері бар екендігі анықталып отыр. Енді тек тұтынушының тұрғын үй-құрылыс жинағындағы депозитін отбасы мүшелеріне немесе жақын туысына ғана өткізуге құқы бар.

Ал енді мемлекеттің пайыздық сыйақы мәселесіне келетін болсақ, егер сіз келісімшартты мерзімінен ерте бұзып, есепшотты жабатын болсаңыз, онда мемлекеттік сыйақы мөлшері кері қайтарылады. Кез келген тұтынушы есепшоттағы мемлекеттік сыйақыны тек үш жылдан кейін ғана ала алады.

Әзірлеген – Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар