Сочи Олимпиадасында Қазақстан спортшылары жеңіске жетеді деп сенеді

(Дауыстар: 1)
Сочи Олимпиадасында Қазақстан спортшылары жеңіске жетеді деп сенеді

XXII Сочи қысқы Олимпиада ойындарының басталуына да санаулы күндер қалды. Көп ұзамай төрткүл дүние көз тігіп отырған әлемдік спорт бәсекесінің алауы жанады. Жүйріктердің жүйрігі сыналады. Алпауыт елдердің ең мықты деген спортшыларымен сынға түсетін біздің Қазақстанның да оғландары осал емес, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Сочи Олимпиадасында Қазақстан спортшылары жеңіске жетеді деп сенеді

Қазақстан құрамасы спорттың 11 түрінен қатысып, 58 спортшы бақ сынайды Сочи елінің төрінде. Олардың ішінде семейлік спортшы жерлестеріміз де бар. Дүбірлі додада ұлттық құрамаға іліккен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 2 курс студенті Галина Вишневская биатлоннан сайысқа түссе, шаңғы тебу бойынша Ердос Ахмадиев пен Виктория Лончакова ел намысын қорғайтын болады.

Сочи Олимпиадасында Қазақстан спортшылары жеңіске жетеді деп сенеді

Семейде Сочи Олимпиадасына қатысатын спортшыларды, оның ішінде семейлік спорт шеберлеріне қолдау көрсету мақсатында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері «Цементник» мұз айдынына жиналды. Күннің ызғарлы болуына қарамастан олар олимпиадашыларға «Жеңіске жетсін» деген ұранмен, қысқы спорттың бірнеше түрінен жарысқа түсті. Қалың жұртшылық спорт саңлақтарымыз «Сочи-2014» байрақты бәсекесінде толағай жеңістерге жетіп, мемлекетіміздің көк туын көкте желбіретеді деп сенеді.

Жібек Серғазы
фтот автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Спорт | Кілт сөдер: сочи олимпиадасы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар