Тұтынушылардың құқығын қорғайтын болады

(Дауыстар: 1)
Тұтынушылардың құқығын қорғайтын болады

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшылары Өскемендегі ұлттық баспасөз клубында журналистермен «2013 жылғы облыстың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оған аталған департаменттің директоры Т.Ерубаев пен оның орынбасары М.Дерябин, мекемедегі сараптамалық орталық директорының орынбасары Р.Байшыбаева және №1 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі Н.Фомичева қатысты.

– Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың санитарлықэпидемиологиялық жағдайы тұрақты болды. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде инфекциялық аурушаңдықтың 43 нозологиясы бойынша санэпидқадағалау қамтамасыз етіліп, аса қауіпті саналатын 15 нозология тіркелген жоқ. Ал оған тифо-паратифоздық инфекциясы, «Д» және «Е» вирусты гепатиті, туляремия, сібір жарасы, құтырма, құс тұмауы, ботулизм, листериоз, дифтерия, полиомелиет, қызылша және қызамық, сіреспе, безгек, геморрагиялық қызбаларды жатқызуға болады. 22 нозология бойынша аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурушаңдықтың деңгейі төмендегені байқалды, – деді департамент директоры.

Т.Ерубаевтың айтуынша, перентеральды вирусты гепатиттердің қайталама формасының аурушаңдығы 7,1 пайызға, оның ішінде С вирусты гепатиті 19,9, ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) көрсеткіші 5,2, жаңадан туылғандар арасында іріңді септикалық асқынулар 1,6 пайызға өскен көрінеді. Есесіне, облыс аумағында жіті ішек жұқпалары бойынша эпидемиялық үдеріс аурушаңдықтың төмендеуімен сипатталып, тамақтану, саудаға байланысты топтық аурушаңдық тіркелмепті. Сондай-ақ, аталған жылы А вирустық гепатитке шалдығу 2,6, В аурушаңдығының деңгейі 2,67 ретке төмендеген. Ал кене энцефалитімен ауырғандар саны 2012 жылғы деңгейде (13 жағдай) қалып отыр.

Жаз маусымында жиі орын алатын инфекциялық аурулар мен тамақтан улану жағдайларына келер болсақ, жыл ішінде облыстық мемлекеттік санэпидқадағалау органдарының мамандары санитарлық талаптарға сай келмейтін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылары жоқ 14 нысанды анықтап, анықталған тамақ өнімдері саудадан дереу алынып тасталған екен. Аталмыш фактілерге байланысты қаржы полициясына, прокуратураға және ішкі істер басқармасына, бір-бір материалдан сондай-ақ, қызметін тоқтату туралы жеті талап-арыз ауданаралық экономикалық сотқа жолданыпты. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша нысан басшылары айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершіліктен сырт қалмаған.

Көңілге қонарлық жағымды мәліметтердің бірі – жыл қорытындысы бойынша облыс тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатындағы су құбырларын қайта жаңартып, күрделі жөндеу жұмыстары 82,8 пайыздан 86 пайызға жақсарған. Дегенмен, суды тасып пайдаланатын мектептердің саны 2012 жылы 14,5 пайыз болса, өткен жылы 12,5 пайызға азайған. Нәтижесінде санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін мектептер саны 2,4 пайыздан 1,2 пайызға төмендеген көрінеді.

Жиын соңында департамент директоры Т.Ерубаев осы уақытқа дейін өзі басқарып отырған мекемеге қосымша міндеттер мен құқықтар беріліп, ол болашақта «Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі» деп аталатындығын айтып өтті.

Серік Құсанбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар