Аңшы лашықтары талауға түсіп жатыр

(Дауыстар: 1)
Аңшы лашықтары талауға түсіп жатыр

ШҚО Бородулиха ауданындағы көлдердің бойында аңшылар салған біраз лашықтар бар. Соңғы жылдары сол үйлер біртіндеп бұзыла бастады. Енді осындай екі оқиға жайында сөз қозғайық.

Белағаштықтар «Дюкала» атап кеткен көлдің жағасында 1975 жылы жергілікті аңшылардың асар жасауымен тұрғызылған, қазірде «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватына қарасты аңшылық лашығы тұрған болатын. Сол лашық аудандық аңшылар қоғамы кеңесімен келісілмей, бір күнде бөлшектеліп, жиналып алынған. Лашық жыл он екі ай бойы табиғаттың қолайсыз мезгілінде аңшыларға, саңырауқұлақ пен жеміс-жидек жинаушыларға, табиғат аясында сейілдеушілерге баспана болып келген. Осындай аса пайдалы орын кімге кедергі келтірді екен?..

2012 жылдың жазында Горькое көлінің жағасындағы тағы бір лашық жұмбақ күйде жер бетінен жоғалған еді. Бұл лашықтың жанынан жергілікті аңшылар өз күштерімен монша және басқа да керекті қосалқы құрылыстарды жапсарлатып салған болатын. Лашықты талауға түсірушілердің қолдан өрт оқиғасын тіркетпек болған әрекеттері де нанымсыз болып шыққан.

Мұның барлығы да табиғат-ананы аялауға құнтсыздықтан, өзгенің еңбегін бағаламаудан туындап отыр деуге әкеліп саяды.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Оқиғалар | Кілт сөдер: аңшылық

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар