Мемлекеттік органдар жемқорлықпен бірігіп күреседі

(Дауыстар: 1)
Мемлекеттік органдар жемқорлықпен бірігіп күреседі

«Нұр Отан» партиясының ШҚО филиалы, сот актілерін орындау жөніндегі департамент, Қазақстан Азаматтық альянсының филиалы, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы, Қоғамдық кеңес және «Шығыс-Ақпарат» аймақтық медиахолдингі арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы меморандум Шығыс Қазақстан мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғам институттарының коррупцияға қарсы кезекті қадамы болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Меморандумға қатысушылар сыбайлас жемқорлық секілді әлеуметтік кеселмен күресте айтарлықтай нәтижеге тек күш біріктіре отырып қана қол жеткізуге болады деген ортақ пікірге келді.

– Егер біздің әрқайсымыз өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз атқарып, тым құрығанда бірнеше пара алу дерегін анықтаса, нақты нәтиже боларына сенімдімін, – деді Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Владимир Лопаткин.

Маңызды міндеттер, жоспарланған іс-шаралар мен жобалар қатарында тұрғындардың ақпаратпен қамтылуын арттыру, объективті мәліметтер ұсыну да бар.

«Шығыс-Ақпараттың» директоры нұржан Қуантайұлы атап өткендей, мәселені және оны шешуге бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жариялау үшін облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде жаңа айдарлар ашу көзделген.

«Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков кездесуді қорытындылай келе, облыста жемқорлыққа қарсы ауқымды шаралардың атқарылып жатуына қарамастан, оны толығымен ауыздықтау мүмкін болмай отырғанын айтты. Осы ретте меморандумға қол қою – мүдделес тараптардың мүмкіндіктерін, әлеуеттерін біріктірудің және кеселді құртудың жаңа тегершіктерін әзірлеудің кезекті талпынысы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Саясат | Кілт сөдер: жемқорлық

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар