Мүгедек жандарға арналған еңбек жәрмеңкесі өтті

(Дауыстар: 1)
Мүгедек жандарға арналған еңбек жәрмеңкесі өтті

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында 58 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олардың 5 мыңнан астамы 1-ші топтағы мүгедектер болса, 27 мыңға жуығы екінші, 21 мыңы үшінші топтағы кембағал жандар екен. Десе де, бүгінгі таңда қоғамда мүгедек жандардың жұмыспен қамтылу мәселесінің өзекті болып отырғаны да рас. Осыған орай қаңтар айының соңғы күні облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ашық есік күні болып жарияланды. ШҚО орталығы Өскеменде өткен ашық есік күні аясында ұйымдастырылған еңбек жәрмеңкесінде мүгедектерге жұмыс беруге әзір 22 кәсіпорын өкілдері қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ольга Кузовлева өзінің сөзінде биылғы халыққа Жолдауында мүгедек жандарды жұмыспен қамту мәселесіне Президентіміздің ерекше мән бергеніне тоқтала келіп, елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуы үшін ешқандай кедергінің болмауы қажет екендігін атап өтті. Міне, осы бағытта аталған басқарма жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Мысалы, өткен жылы облыс бойынша 16 мүгедек адам «Халыққа қызмет көрсету орталықтарына» жұмысқа орналасқан. Жалпы, жыл басынан бері өңірдің жұмыспен қамту бөліміне жұмыс іздеп 736 мүгедек адам келген болса, оның 262-сі тұрақты жұмысқа қабылданып, 417-сі қоғамдық ақылы жұмыстарға тартылыпты, ал 27 адам қайта даярлықтан өтіп, 30 мүгедек жан әлеуметтік жұмыс орнына орналасыпты.

Мүгедек жандарға арналған еңбек жәрмеңкесі өтті

– Бүгінгі шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастырып, оларға қандай да бір болмасын көмек беру. Елбасының биылғы Жолдауда айтқан маңызды мәселесін біздің облыс, оның ішінде Өскемен қаласы бірінші болып жүзеге асырып, қолдап жатырмыз. Жалпы, Өскемен қаласының өзінде он мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар болса, олардың ішінде шағын несие алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар жетерлік. Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстардың ілгерілеуіне «Бибі ана», «Алтынай» сынды үкіметтік емес ұйымдардың да қосып отырған үлесі зор, – деді қала әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова.

Сондай-ақ, жәрмеңкенің ашылу салтанатында қаладағы қызмет көрсету колледжінің директоры Батырхан Құсманов та сөз алды. Аталған оқу орнының мүгедектер қоғамымен жұмыс істеуде әжептәуір тәжірибесі бар. Бүгінгі күні колледжде 34 мүмкіндігі шектеулі жан ЭВМ операторы, тігінші, шаштараз, тас қалаушы мамандықтары бойынша ақысыз білім алып жатқан көрінеді. Иә, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған еңбек жәрмеңкесіне қатысқан жұмыс берушілердің қатары да сан алуан. Мысалы, «Каравай нан зауыты» ЖШС-іне бухгалтер қажет. – Өзіңіз білесіз, біздің жұмыс өте күрделі. Көп қимыл-қозғалысты қажет етеді. Ал мүгедек адамдарға пештің жанында жүріп жұмыс істеу өте қауіпті. Сондықтан да біз бухгалтерліктен басқа жұмыс ұсына алмаймыз, – дейді аталған кәсіпорынның кадрлар бөлімінің басшысы Антонина Чернова.

Мүгедек жандарға арналған еңбек жәрмеңкесі өтті

Ал «Нұр Шапағат» атты тігін цехына тігіншілер қажет. Ашылғанына жылдан енді ғана асқан тігін цехы бүгінде 20-дан астам адамға кәсіп тауып беріп отырса, оның 13-і – мүгедектер. Цех басшысы Тамара Қабденқызы алдағы уақытта өндірісті кеңейтуді ойластырып отыр. Бір атап айтарлығы, мүгедектерге төленетін айлықтың жартысын мемлекет төлесе, жартысын өзі төлейді. Бұл мемлекет үшін де, жұмыс беруші үшін де өте тиімді.

Осы жәрмеңкеде 3-топтағы мүгедек, Қ.Нұрғалиев атындағы колледжді заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған Әнуар Олжабаевтың да жолы болған секілді. Қазіргі күні білімін жоғары оқу орнында жалғастырып жатқан Әнуар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мұндай жәрмеңкенің маңызды екенін айтады. «Біз қоғамның толыққанды мүшесі болғымыз келеді», – дейді ол.

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар