Жоғары оқу орындарына абайтану курсын енгізу қажет пе?

(Дауыстар: 1)
Жоғары оқу орындарына абайтану курсын енгізу қажет пе?

«Нұр Отан» партиясының ШҚО филиалы бүгінде тек ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға ғана емес, оның рухани дамуына да ерекше мән беріп келеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Соның жарқын бір дәлеліндей жақында «Нұр Отанның» Шығыс Қазақстан облысындағы бас ғимаратында «Абайды танып, біл!» атты арнайы жоба қолға алынды. Облыс көлеміндегі көптеген шаралармен жалғасқан бұл акцияның 2013 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылап, үстіміздегі жылы тындырылар істеріне жоспар құру мақсатындағы отырысты «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков ашты. Мәжіліс-ке жиналғандарға акция аясында атқарылған барлық шараларды баяндаған ол жұмыстарды ары қарай жалғастыру мақсатында оларды өз ұсыныстарын білдіріп, пікірлерін айтуға шақырды.

– Біле білгенге Абай ілімі – ұлтсүйгіштікке, хакімнің өзі «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» айтып кеткеніндей, бірлік пен достыққа жетелейді. Талай ой ортаға салынды, пікірлер айтылды, енді хакімнің артына қалдырып кеткен ұлағатын әр адамның жете біле түсуі және санасына құюы үшін тиянақты шаруа істеу керек, – деді Т.Түсіпханов.

Акцияның негізгі мақсаты – хакім мұрасын жалпы көпшілікке таныту, оның шығармаларына талдау жасау, Абай мұрасын, оның әдеби ортасын және шәкерімтану, мұхтартану, алаштану мәселелерін жас ұрпаққа насихаттау, сондай-ақ, ақынның өнегелі мұрасын арнайы лекция сабақтары арқылы мектеп оқушыларынан бас-тап, жоғары оқу орындарында білім алып жүрген жастардың санасына сіңіру, сөйтіп, оларға Абай әлемі арқылы патриоттық және рухани тәрбие беру.

Бұл шара екі негізгі: саяси-мәдени іс-шаралар ұйымдастыру және ақпараттық қолдау бағыттары бойынша іске аспақ. Айта кетейік, бұл шаруа өткен жылдың мамыр айында Семейдегі Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайында баспасөз мәслихатын өткізуден бастау алған болатын.

Мәжіліс еркін пікір алаңына айналып, алдымен сөз алған белгілі ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаева ХІХ ғасыр-да қазақ даласына өркениет әкелген Абайды оқытуда Шығыс өңірі артта емес екендігін тілге тиек етіп, «Мектепте Абай қалай оқытылып жатыр?» деген сауалға жауап іздеді. Сонымен қатар өзінің Абай ескерткішіне барып, ұлыға тәу ететіндер әлі де аз, тек мектептер ғана емес, ірі мекеме-кәсіпорындар да, тіпті, әкімдіктерде де оны насихаттайтын шаралар өткізілсе деген ұсынысын білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Борис Щербаков барлық жоғары оқу орындарында абайтану курсын енгізсе, Абай мен Михаэлис мұражайы болса, бір күн Абай күні болып белгіленсе деген пікір-ойларын көлденең тартты. Ал еліміздің рухани ордасы – Семей жеріндегі «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбекова «Абай туралы естеліктерді 100 данамен ғана шығарамыз. Оған сұраныс көп болса да, мүмкіндік осыған ғана жетіп отыр» дей келе, басқа да шаруаларын баяндап берді.

Дүниеге жаңашылдық әкелетін жас буын екеніне облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының маманы Еркебұлан Балтабеков нақты мысалдарды келтіре отырып, «Абайдың қарасөздері әр жастың санасына берік сіңуі үшін оларды фэйсбукке шығарса, қоғамдық көліктерде ілсе, сондай-ақ, хакімнің Абай ауданындағы кесенесіне мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалар үйінің тәрбиеленушілерін де апарып отырса» деген ұсыныстарын айтты. Оты-рыста облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Щик те татымды ойларын ортаға тастады.

Ғафура Сәрсенбайқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Білім | Кілт сөдер: абай

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар