«Қолданбалы механика» пәнінен республикалық олимпиада өтуде

(Дауыстар: 1)
«Қолданбалы механика» пәнінен республикалық олимпиада өтуде

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіндегі Инженерлік-технологиялық факультеттің «Машинажасау технологиясы және механика» кафедрасы негізінде «Қолданбалы механика» пәні бойынша республикалық олимпиада бастау алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі университеттің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

«Қолданбалы механика» пәнінен республикалық олимпиада өтуде

Олимпиадаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жоғары оқу орындарының студенттері келіп қатысуда. Нақтырақ айтсақ, Атырау мұнай және газ институты (Атырау қаласы), Жәңгірхан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал қаласы), Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (Алматы қаласы), Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар қаласы), Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар қаласы), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлелкеттік университеті (Петропавловск қаласы), М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент қаласы), Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (Өскемен қаласы) және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен жиыны 41-ге жуық студент білім бәсекесінде өзара бақ сынасуда.

«Қолданбалы механика» пәнінен республикалық олимпиада өтуде

Олимпиаданың ашылуы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің ғылым, иноовациялық және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, ұйымдастырушылар алқасы төрағасының орынбасары Әмірханов Құмарбек Жүнісбекұлының құттықтау сөзімен басталды. Айта кетейік, «Қолданбалы механика» пәнінен олимпиада алғаш рет өтіп отыр. Биыл Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша еліміздің Ұлттық ЖОО арасында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті аталмыш олимпиаданы өткізу мәртебесіне ие болды. Тағы бір айта кетерлігі, Шәкәрім атындағы қара шаңырақ республика бойынша «Теориялық механика» пәнінен Беларуссия еліне халықаралық деңгейдегі олимпиадаға шақырту алған бірден бір жалғыз оқу ордасы.
Олимпиада ақпанның 6-сына дейін жалғасатын болады.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Білім

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар