«Журналистика» мамандығында оқитын сыры терең студент

(Дауыстар: 4)
  • 4 ақпан 2014, 14:52 |
  • Пікірлер: 1
«Журналистика» мамандығында оқитын сыры терең студент

Биыл Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіндегі «Журналистика» мамандығының ашылғанына тура 15 жыл толады. Әрине, бұл аз уақыт емес. Осы уақытқа дейін бұл жерде қаламы қарымды, ойы ұтқыр жүздеген журналистер тәрбиеленіп, бойларына өмірлік азық болар білім нәрін сіңірген еді. Олардың алды республикалық, облыстық, қалалық телеарналарда, газет-журналдарда еңбек етіп, еліміздегі журналистика саласының дамуына зор үлес қосып жүр. Бұл – Шәкәрім университеті ұстаздарының шәкірттеріне берген білімнің жемісі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі университеттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Құндыз Тауасарова – «Журналистика» мамандығының 2 курс студенті. Аядай ғана Аягөз елінен қалаға арман қуып келген Құндыздың мақсаты – қазақ журналистикасының қарыштап дамуына үлес қосып, елінің елеулі, халқының қалаулы журналисі болу. Әрине, «Журналист» болу оңай шару емес. Журналистика үнемі ізденіс пен жан-жақтылықты талап етеді. Мұны Құндыз жақсы біледі. Қазір оның бұл бағыттағы аяқ-алысы жаман емес көрінеді. Жуырда ол Алматы қаласында өткен талантты жастардың «Тек «ел» деген сөз үшін» атты республикалық сайысына қатысқан еді. Аталмыш жарыс 4, яғни қысқа көлемді бейнесюжет әзірлеу(Алаш зиялыларының қызметі мен өміріне, қалдырған мұрасына байланысты), көркем сөз (эссе, әңгіме т.б), көсем сөз (публицистикалық мақала) және поэзиялық шығарма (жас ақындар мүшайрасы) бағыттары бойынша өтті. Қазақтың нар тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың туылғанына 120 жыл толуына орай өткен жарыста Құндыз көсем сөз бағыты бойынша бағын сынады. Болашақ журналистің шығармашылық саласындағы бұл қадамы сәтті болды. 150-ден астам сайыскер қатысқан республикалық шығармашылық бәсекесінде топ жарған Құндыз 3-ші орынмен қанжығасын майлап, Семейге олжалы оралды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді қазақ нақылы. Осы орайда жас талант иесіне жол сілтеп, бағыт-бағдар берген, республикалық жарыста бағын сынап, жеңіс тұғырынан көрінуіне ықпал еткен филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Рамазанға алғысы шексіз екенін айтады Құндыз. «Жарыста еншілеген жүлдені «Журналистика» мамандығының 15 жылдығына тарту етемін»,- дейді ол.

Семейде журналист мамандарын даярлайтын бірден бір жалғыз оқу орны – Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті. Қазір аталмыш қара шаңырақта журналистерді кәсіби тұрғыда жан-жақты, өз істерінің шеберлері етіп дайындау алға қойылған. Университет басшылығы инновациялық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, студенттерге білім беру сапасын арттыруды көздейді. «Журналистика» мамандығының ашылғанына 15 жыл толуына орай университетте заманауи технологиямен жабдықталған телестудия ашылмақ. Журналистиканың жілігін шағып, майын ішемін деген жас студенттер мұнда телережиссура, телеоператорлық шеберлік, дыбыс жазу, телехабарлар дайындаудың қыр-сырын, эфирде өзін-өзі ұстау мәдениетін терең меңгеріп шығады. Бүгінде ақпараттық технологияның дамыған заманында журналистердің біліктілігіне қойылатын талаптың жоғары екені айтпаса да түсінікті жайт. Ал, университетте ашылғалы отырған телестудия болашақ журналистерге шеберліктерін шыңдап, іс-тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік берері сөзсіз.

«БАҚ бастарыңа бақ болып қонсын!». Бұл баспасөз бетінде жарияланған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің доценті Жидегүл Әбдіжәділқызының журналист боламын деушілерге арнаған тілегі. Ендеше, қазақ журналистикасын өсіп-өркендету жолында елім деп еміреніп, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, ел қамын күйттейтін, шындық үшін шырылдап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін қалың қазағымның қайсар журналистері көп болсын!

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

гаухар | 19 ақпан 2014 15:29
Кундыз, сен біздің мақтанышымызсың! Алла жар болсын!
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар