Өскемен мен Семейдің әуежайлары халықаралық талаптарға сай жөнделеді

(Дауыстар: 1)
Өскемен мен Семейдің әуежайлары халықаралық талаптарға сай жөнделеді

Бұл жайлы Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде айтылып, газ бағасын реттеу және азаматтық авиацияны әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды. Үкімет мәжілісіне селекторлық режимде ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда елімізде көгілдір отынның құны әртүрлі, Үкімет алдағы уақытта оның бағасын барынша теңестіруді, сонымен қатар, тұрақтандыруды көздеуде. Ал ел ішіндегі әуе қатынасын өркендету мәселесіне Елбасының өзі жіті көңіл бөліп отырғаны белгілі.

Мәжілісте сөз алған мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин еліміздегі табиғи газдың қоры 6-7 триллион текше метр екенін атап өтті. Министрліктің жоспары бойынша алдағы уақытта көгілдір отынды өндірушілерден сатып алу және тұтынушыларға жеткізу ісі «Қазтрансгаз» ұлттық компаниясына жүктеледі.

Әрине, әрбір облыс үшін газдың толайым бағасы әрқилы шамада белгіленбек, ал нақты қандай болатыны осы жылдың 1-мамырына дейін анықталуы тиіс. Ең бастысы, жиында Үкімет басшысы ешбір облыста тұрғындар үшін газ бағасының күрт қымбаттамайтынын қадап айтты.

Қазіргі кезде Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе, тұтыну топтары бойынша тауарлық газға дифференцияланған бағаларды есептеу әдісін әзірлеуде. Кейбір өңірлерде газ бағасының деңгейі артқан жағдайда бұл өзгерістер белгіленген инфляция дәлізі аясында жүзеге асырылады. Премьер-Министр Серік Ахметов бұл мәселеге айрықша мән беру керек екенін атап өтті.

Екінші мәселе бойынша баяндама жасаған Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев алдағы екі-үш жылда елдегі ірі әуежайлар халықаралық талаптарға сай жөнделіп, 2020 жылға дейін алпыстан астам заманауи ұшақ сатылып алынатынын жеткізді.

– Қазақстанда 2014 жылы 15 жаңа әуе бағдарын ашу жоспарланған, – деп хабарлады Асқар Жұмағалиев. Ведомствоның мәліметінше, биыл әуе кемелерінің паркі 14 ұшақпен жаңартылады. Бұдан өзге, 2014 жылы Астана, Алматы және Ақтау әуежайларында мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарын енгізу жоспарлануда.

Үкімет мәжілісінен кейін облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев осы салаларға жауапты басшыларға тиісті міндеттер жүктеді.

– Шығыс Қазақстан аумағында газ өндірілетін болғандықтан, орынбасарым Ерлан Текешовке, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына Үкіметпен, «Қазтрансгаз» компаниясымен келешекте тығыз жұмыс істеуді тапсырамын, – деді аймақ басшысы.

ШҚО әкімі, сондай-ақ, 2015-2016 жылы Семей әуежайына күрделі жөндеу жүргізілетінін айтып, соған орай жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қазірден кірісуді тапсырды. Екі жылдан соң Өскемен әуежайын әлемдік талаптарға сәйкестендіре отырып жөндеу басталады, биыл оның техникалық-экономикалық негіздемесі, келесі жылы жобалық құжаттамасы дайын болуы шарт. Өкінішке қарай, облыстағы аталмыш сала жетекшілерінің бұл бағыттағы қызметі көңіл көншітпейді.

Мұнымен қоса, аймақ басшысы өзінің Семей және Шемонайха қалаларында көліктік-логистикалық орталықтарды құру, Өскемен мен еліміздің, сондай-ақ, шекаралас мемлекеттердің өзге қалалары арасында жаңа әуе маршруттарын ашу туралы берген міндеттерінің мүлтіксіз орындалуын талап етті.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Семей | Кілт сөдер: әуежай

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар