Заманауи үлгідегі телестудия Семейде ашылды

(Дауыстар: 1)
Заманауи үлгідегі телестудия Семейде ашылды

5 ақпан 2014 жылы Семей қаласының Шәкәрім университетіндегі «Журналистика» мамандығының ашылғанына 15 жыл толуына орай телестудияның тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі жоғары оқу орынның баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Телестудияны ашудағы мақсат - бүгінгі ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманында журналистердің біліктілігіне қойылатын талап жоғары екені белгілі. Сондықтан университет басшылығы «журналист» мамандығының студенттеріне білім беру сапасын арттыруды міндет етіп және инновациялық технологияларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік беретін телестудия ашуға мұрындық болып отыр. Шәкәрім атындағы білім ордасында өз жұмысын бастайтын телестудия студенттердің оқу барысында алған білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырылуларына мол мүмкіндік береді. Болашақ журналистер мұнда телехабарлар дайындаудың қыр-сырын меңгеріп, тікелей эфирдің табиғатын түсініп шығады. Телестудия жапондық 3 бейнекамерамен, режиссурлық пультпен және аудиомикшермен, жарықтандырумен жабдықталған.

Заманауи үлгідегі телестудия Семейде ашылды

Сонымен қатар, алдағы уақытта осы телестудияның аясында студенттер қала жастарына арналған хабарлар дайындайды. Осы шаралар болашақ журналистердің біліктілігін шыңдап, тележурналистиканың техникасын жете меңгеруге жол ашады. Студент журналистер эфир мәдениеті, операторлық қызмет пен монтаж дайындау жұмыстарымен танысады. Осы жұмыстарды жүзеге асыруға студияда орнатылған техникалар толықтай мүмкіндік береді.

Заманауи үлгідегі телестудия Семейде ашылды

Заманауи технологиямен жабдықталған телестудияның ашылу салтанатына университеттің «Журналистика» мамандығында білім алған түлектер: «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Иман айнасы» хабарының тележүргізушісі Омарханов Жанжігіт, сондай-ақ, ТВК-6 телеарнасының бас директорының орынбасары Дүйсенбек Жақсыбаев, «Қазақстан-Семей» ТРК директорының орынбасары Нүсіпбаева Сайра, «Ертіс өңірі» газетінің бас редакторы Күлия Раисова, «Абай» журналының бас редакторы Мұратбек Оспанов, КТК телеарнасының Семейдегі меншікті тілшісі Олжас Нұрекенов арнайы қатысып, жылы лебіздерін арнады.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Білім

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар