Шағын кәсіпорындар ашылып жатыр

(Дауыстар: 1)
Шағын кәсіпорындар ашылып жатыр

ШҚО Ұлан ауданы, Саратовка ауылдық округінің 2013-2017 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында жаңа кәсіпорындарды ашу, жұмыс орындарын көбейту бағытындағы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Саратовка ауылында «OstFish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі балық және балық өнімдерін өңдеу цехын, «Алтай» ЖШС ас бұршағын жармалау цехын ашуды қолға алды.

Округтегі шаруа қожалықтары селекциялық жұмыстарды жүргізу және асыл тұқымды бұқаларды сатып алу арқылы мал санын көбейту бағытында жұмыс істеуге көшті. Асыл тұқымды ірі қара мал өсіру шаруашылығын құрған «Солтанбек» және «АгроБАМ» шаруа қожалықтары асыл тұқымды бұқалар сатып алып, күтіп бағуда. Саратовка және Ново-Одесское ауылдарында малды қолдан ұрықтандыру пункттері ашылды және селекциялық жұмыстар жүргізу үшін 6,7 млн. теңге көлемінде демеуқаржы берілді.

«Солтанбек» шаруа қожалығы қосымша 20 бас асыл тұқымды жылқы сатып алу үшін демеуқаржы алды. «Достық» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы негізінде несие алып, 50 бас ірі қара мал сатып алуды және Ново-Одесское ауылында 50 басқа лайықталған бордақылау алаңын, «АгроБАМ» шаруа қожалығы Отрадное ауылында мал сою цехын салуды, жеке кәсіпкер Л.Ченваев осы ауылында ветеринариялық дәріхана ашуды жоспарлап отыр.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар