Шешен-ингуш мәдени орталығы құрылды

(Дауыстар: 1)
Шешен-ингуш мәдени орталығы құрылды

Семейдегі Достық үйінде ядролық сынақ зардаптары және еліміздің Ұлттық ядролық орталығының қызметін көрсетуде өнімді еңбек етіп жүрген БАҚ өкілдері арасында өткен байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оған ҰЯО-ның бас директоры, көрнекті ғалым Ерлан Батырбеков арнайы қатысып, жүлдегерлерге диплом мен сыйлықтарды өз қолымен табыс етті.

Жиын барысында Ерлан Батырбеков «Семей-Невада» антиядролық қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоевтың кеудесіне осы салада ұзақ жыл өнімді еңбегі, ядролық қарудан бас тарту және оны бейбіт мақсатта пайдалану идеясын жан-жақты насихаттағаны үшін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Еңбегі сіңген энергетик» төс белгісін тақты. Марапатталушыны қариялар атынан қарт ұстаз Қ.Райымбеков құттықтады.

Ал С.Картоев бұл сый-құрметке ризашылығын білдіріп, көпшілік алдында осы күні Достық үйінде шешен-ингуш мәдени орталығы құрылғанын, оның төрағалығына өзі сайланғанын жеткізді.

Айта кетейік, бұл ұйымның құрамына қаладағы тау халықтары өкілдерінің бәрі енеді. Басқосу соңынан төрағаның сөзін қуаттағандай шешен-ингуш орталығының мүшелері өздерінің ұлттық салт-дәстүріне негізделген шағын концерт қойды.

Мәуітқазы Зүкенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Мәдениет | Кілт сөдер: достық үйі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар