Сарапшылардың бағалауынша ШҚО әлеуметтік маңызды көрсеткіштер жөнінен үздік атанды

(Дауыстар: 1)
Сарапшылардың бағалауынша ШҚО әлеуметтік маңызды көрсеткіштер жөнінен үздік атанды

Сарапшылардың бағалауы бойынша біздің аймақ көптеген әлеуметтік маңызды көрсеткіштер жөнінен үздік атанып отыр. «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігінің мәліметі бойынша Бердібек Сапарбаев бастаған Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жұмысының сапасы 2013 жылдың қорытындысы бойынша үздік атанып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

2014 жылдың 12-22 қаңтары аралығында «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өткен жылдағы жұмыс сапасына барынша объективті баға беру үшін сарапшылар арасында сауалнама жүргізген болатын. Сауалнамаға бизнес саласының, үкіметтік емес ұйымдардың және сараптамалық қауымдастықтардың тәжірибелі 40 сарапшысы қатысқан. Зерттеу қорытындысында Бердібек САПАРБАЕВ бастаған Шығыс Қазақстан облысы, Иманғали Тасмағамбетов бастаған Астана қаласы және Қырымбек Көшербаев жетекшілік ететін Қызылорда облысы рейтинг көшбасшылары атанды.

Әкімдіктер жұмысы 11 өлшем бойынша бағаланды. Сарапшылар ергілікті биліктің саяси тұрақтылықты сақтау, әлеуметтік және еңбек дауларын азайту қабілеттерін басты деп тапқан. Екінші кезекте өңірдің экономикалық дамудағы табыстары, үшінші кезекте шағын бизнестің өркендеуі, аймақтық әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуы және аймақ әлеуетінің дамуы қарастырылған.

Сауалнама нәтижесі бойынша рейтинг көшбасшыларының бестігіне мына әкімдіктер енді: Шығыс Қазақстан облысы (Бердібек Сапарбаев) – мүмкін болар 7 баллдан 4,25 балл, Астана қаласы (Иманғали Тасмағамбетов) – 4,24 балл, Қызылорда облысы (Қырымбек Көшербаев) – 4,07 балл, Маңғыстау облысы (Алик Айдарбаев) – 3,61 балл, Жамбыл облысы (Қанат Бозымбаев, Кәрім Көкірекбаев) – 3,46 балл.

2013 жылдың облыс дамуымен байланысты ең көп резонанс туғызған оқиғалары ішінде сауалнамаға қатысқандар ядролық отын банкін құру және жаңа атом электр стансасын салу туралы пікірсайыстарды атап өтті. Олардың пайымы бойынша, облыстағы моноқалаларда орын алған әлеуметтік мәселелердің же-дел шешілуі аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың айрықша еңбегі болып табылады. Соның нәтижесінде елдің басқа дәстүрлі индустриялық аймақтарына қарағанда облыста әлеуметтік шиеленіс деңгейі барынша сапалы түрде азайтылды. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «аймақтық әлеуметтік бағдарламалар-дың орындалуы» сынды маңызды өлшем бойынша да көш бастап тұр.

«Көршілес Қарағанды және Павлодар облыстарымен салыстырғанда Бердібек Сапарбаев 2013 жылы аймақтың ірі корпорацияларымен өзара әрекет ете отырып, оларды ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын қысқарту жөнсіз екеніне сендірді» деп атап өткен сарапшылардың көпшілігі.

Шығыс Қазақстан облыс жұртшылығы аймақ басшылығының қымбатшылықты ауыздықтау, сонымен қатар, Шығыс Қазақстанның брендіне айналған омарта және марал шаруашылығы сынды агросектордың негізгі бағыттарын қолдау жөніндегі жұмыстарын да аса жоғары бағалап отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Экономика | Кілт сөдер: шқо әкімі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар