Семей қаласы әкімі Айбек Кәрімов есептік кездесу өткізді

(Дауыстар: 1)
Семей қаласы әкімі Айбек Кәрімов есептік кездесу өткізді

Семей қаласы әкімі Айбек Кәрімовтің есептік кездесуіне Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов, Парламент Сенатының депутаттары Талғатбек Абайділдин мен Сергей Плотников қатысты.

Қала әкімінің айтуынша, Семейде соңғы жылдары машина жасау саласы дамып келеді. Мәселен, өткен жылы «Урал», «Shasman» жүк көліктері және «Беларус» тракторының екі моделі шығарылды.

Бір жылда 1340 трактор, 141 автобус, 113 жүк көлігі құрастырылды. Облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 14 пайызы Семейге тиесілі. Былтыр 1,2 млрд. теңгеге үш инновациялық жоба іске қосылды. Экология, ұзақмерзімділік, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі және заманауи дизайнды мақсат тұтқан бас жоспар қабылданып, қала құрылысын жүйелеу қолға алынды.

Облыс басшысы қала халқының өсімі туралы сұрады. Бүгінде Семейдің әкімшілік аумағында 340 мың халық тұрады. Мектепте 37 мың бала оқиды. Алдағы 5 жылда оқушылар 50 мыңнан асады деген жоспар бар. 10 мың оқушы колледждерде білім алатынын ескерсек, қалаға әлі оншақты мектеп қажет. Облыс басшысы қаланың дамуы халық санының өсіміне байланыс-ты екенін жеткізді. Болжам бойынша 2030 жылы Семейде халық саны 500 мыңды құрамақ.

Қала әкімінің есептік баяндамасынан соң тұрғындар көкейдегі мәселелерін жеткізді. Аталған сауалдарға қала әкімімен бірге облыс басшысы да жауап берді.

Семей қаласы әкімі Айбек Кәрімов есептік кездесу өткізді

Кездесуде ең көп қозғалған мәселе – жылу жүйесі. Еңбек ардагері Валентина Хорошилова Ғаббасов көшесіндегі қазандық қызметінің әлсіз екендігін жеткізді. Дулатов көшесіндегі 135-үйдің тұрғыны пәтерде 10-12 градус қана жылу барлығын, Қозыбағаров көшесінің тұрғындары пәтерлерінің 5-6 градусқа ғана жылы екендігін айтты.

Қала басшысы Ғаббасов көшесіндегі үш қазандық толығымен жөндеуден өткенін атап өтті. Алайда, жеке сектор, әсіресе, коттедждер қалашығының тұрғындары жылу инспекциясына есік ашпайды. Жеке секторда қуатты жылу құрылғылары орнатылған. ТЖО, монша сынды кәсіпкерлік нысандары да көп шоғырланған. Басым бөлігі жылуды есепсіз пайдаланады. Нәтижесінде аталған аумақтағы көпқабатты үйлерде температура күрт төмендеп кеткен. А.Кәрімов жылу беруде кінәрат жоқтығын, осы бағытта комиссия құрылып, тексеру жүргізіп жатқанын, оның үстіне тұрғындардың 500 млн. теңге көлемінде қарыз екенін атап өтті. Қазіргі кезде «Жылукоммуноэнерго» мекемесінің мамандары заңсыз пайдаланушыларды анықтау үстінде.

– Қысқы маусымға дайындық кезінде жылуға қарыз мәселесін шешу жөнінде тапсырма бергенмін. Ал халық жылумен қамтамасыз етілуі тиіс. Семей қаласының жылу жүйесін жаңғыртуға республика, облыс және қала бюджетінен қаншама қаржы бөлдік. Оның нәтижесі болуы керек. Биыл қатты аяз жоқ. Сондықтан жылу жүйесінде мәселе болмауы тиіс еді. Егер мәселе туындаса, бұл – қала билігінің, жауапты қызметкерлер мен мекемелердің кемшілігі, – деді облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев.

Думан Анаш
сурет Есімхан Орынбаевтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар