Семейде кондитерлік фабрика іске қосылды

(Дауыстар: 1)
Семейде кондитерлік фабрика іске қосылды

Семейде «Kondiz» кондитерлік фабрикасы іске қосылды. Фабриканың жалпы аумағы 8,5 мың шаршы метрді құрайды. Өндіріс көлемі бірінші кезек бойынша жылына 12 мың тонна болмақ. Жобаны төрт кезеңде жүзеге асыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кәсіпорынның ашылыуына ШҚО әкімі Бердібек сапарбаев қатысты. Компания басшысы Мәди Өмірзақтың айтуынша, төртінші кезеңді 2015 жылы іске асыру жоспарланған. Толық қуатымен жұмыс істеген кезде жылына 22 мың тонна өнім өндірмек. Зауытта ұннан жасалған өнімдер өндіріледі.

– Елімізде кондитерлік өнімнің 60 пайызы сырттан әкелінеді. Біздің мақсатымыз импорттың орнын толтыру, – деді «Kondiz» ЖШС жетекшісі.

Қазіргі уақытта 200 жұмыс орны ашылды. Төртінші кезеңде 450 жұмыс орны болады деп жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 4 млрд. теңге.

ШҚО әкімі зауыттың операторлық, зертхана, ашытқы бөлімдерінің жарақтандырылуын, цех технологиясы мен қойма алаңын аралап көрді.

Облыс Әкімі сондай-ақ, «Семей инжиниринг» АҚ және Семей машина құрылысы зауыттарының ұжымымен кездесті. Жиында Президент Жолдауында белгіленген міндеттер талқыланып, кәсіпорынның даму бағыты сараланды.

Семейде кондитерлік фабрика іске қосылды

Аталған кездесуге «Қазақстан инжиниринг» АҚ президенті Болат Смағұлов та қатысты.

– 2013 жылы компаниялар тобының өндіріс көлемі 3,5 пайызға артып, 81 млрд. теңгеге жетті. Активтер 2,6 есе ұлғайып, 65 млрд. теңгені құрады. Кіріс көлемі 12 пайызға артып, 4,6 млрд. теңгеге жетті. Инвестиция көлемі 13 есе көбейіп, 898 млн. теңгеден 12 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл – республикалық орташа көрсеткіштен 25 есе жоғары. Соңғы жылдары компанияда 950 жұмыс орны ашылды. Жақын арада тағы 500 орын жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз. Орташа еңбекақы көлемі 2 есеге көбейді. Компанияда бұл көрсеткіш 120 мың теңгені құрайды. Өткен жылы ғана екі зауыт жұмысшылары бюджетке 1 млрд. 200 млн. теңге көлемінде салық құйды, – деді Болат Смағұлов.

Мыңға тарта жұмысшысы бар қос зауыт жыл сайын дамып, қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуде де айтарлықтай табыстарға қол жеткізе бастады. Алдағы үш жылда трансұлттық компанияға айналуды көздеп отырған ұжыммен кездесуде облыс басшысы Елбасының тапсырмасы бойынша өнеркәсіпті дамыту, жұмыспен қамту және жаңа технологияны енгізудің өзекті екенін атап өтті.

Облыс басшысы «Қазақстан инжиниринг» компаниясы басшылығының Зырян мен Серебрянка қалаларындағы проблемалы зауыттарды көргенін, аталған компания басшылығымен бірге Серебрянка зауытын аяғынан тұрғызу жоспарланып отырғанын жеткізді.

– Зауыттың бұрынғы ахуалы мен қазіргі жағдайын салыстыруға келмейді. Бұл – еліміздің экономикалық өрлеуін көрсетеді. Семей қаласы үшін маңызы ерекше нысанды дамытуға барлығымыз үлес қоссақ, Президенттің тапсырмасын да жүзеге асырамыз, – деді ШҚО әкімі.

Думан Анаш
сурет Есімхан Орынбаевтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар