Жанкүйерлер Қазақстан спортшыларынан жүлде күтеді

(Дауыстар: 1)
Жанкүйерлер Қазақстан спортшыларынан жүлде күтеді

Өскемендегі Жекпе-жек және Металлургтердің мәдениет сарайында спортсүйер қауымға арнап, Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын үлкен экраннан жаппай көру ұйымдастырылды.

Жекпе-жек сарайына көптеген көрермен жиналып, төрт жылда бір рет өткізілетін байрақты бәсекенің ашылу салтанатын тамашалап, спортшыларымызға ақ жол тілеп отырды. Көрермендердің арасында облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев та болды.

Бүкіл әлем халқының назары ауған Сочи Олимпиадасында еліміздің намысын 52 спортшы қорғайды. Солардың 18-і – біздің облыстың спортшылары. Шығыс Қазақстанның республикамызда қысқы спорттың Отаны, қысқы спорт түрлерінен кадрлар ошағы екенін мақтан тұтқан жанкүйерлер қауымы Металлургтердің мәдениет сарайына жерлестерін телеэкраннан көруге жиналды.

– Осы дүбірлі жарысқа қатысатын әр елдің саңлақтары салтанатты шеруде сап түзеп, жүріп өтті. Кімнің кім екенін де біліп қалдық. Олимпиада ойындарының алауы жағылғанын көрдік. Қазақстан спортшылары бұл байрақты бәсекеде бірнеше медальды жеңіп алады деген үмітпен келдік, – деді Өскемен қалалық мектепаралық денешынықтыру орталығы директорының орынбасары Ризабек Еспенбетов.

Канададағы Олимпиада ойындарында бесінші орын алған шаңғышы Алексей Полтораниннің спорттық көрсеткіші уақыт өткен сайын жақсарып келе жатқандығы қуантады. Оның енді Сочиде алтын медальды олжалайтын сәті түсіп тұр десе де болады.

– Қазақстан құрама командасының мүшелеріне жанкүйер ретінде сәттілік тілеп, келіп отырмын. Осы Олимпиадада қоржынымызға кем дегенде үш алтын медаль түседі деген ойдамын. Шаңғышы Алексей Полторанинге ерекше сенім артып отырмыз. Жалпы, қандай да болсын медальдің көбірек түсуіне тілектеспін. Мектебімізде спортқа бейімі бар таланттарды жинап, хоккей командасын құрдық. Былтыр оқушылар арасындағы қалалық чемпионатта біздің мектептің командасы бірінші орынды жеңіп алды. Енді солардың халықаралық жарыс-тарда жолдары болып жатса, тіпті, жақсы. Олимпиада ізбасарларын даярлау – біздің басты мақсатымыз, – деді Өскемендегі №22 орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Еркін Мұсақанов.

– Залда отырған спортшылар мен жанкүйерлерді қолдап, әннен шашу шаштым. Саңлақтарымыз Сочиде көк байрағымызды желбіретіп, елге олжалы оралуларына тілектеспін. Қысқы Олимпиада ойындарының күнделігі теледидардан көрсетіледі. Біз студенттер де жерлестеріміздің өнерлерін көруге ынталымыз, – деді Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ақпараттық технология және энергетика факультетінің екінші курс студенті, әнші Шалқар Мұхамадиев.

Спортшылардың шеберлігі, жаттықтырушылардың біліктілігі осындай жарыстарда айқындалатыны баршамызға белгілі. Спортшыларымызға табыс тілеп, Сочиден қуанышты хабар күтеміз.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: сочи олимпиадасы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар