Елдар Оразалының «Уақыт жемісі» кітабының тұсаукесері өтті

(Дауыстар: 1)
Елдар Оразалының «Уақыт жемісі» кітабының тұсаукесері өтті

2014 жылы 10 ақпанда Шығыс Қазақстан өнер мұражайында ақын, сазгер, мәдениет қайраткері Елдар Оразалының «Уақыт жемісі» кітабының тұсаукесері өтті.

Елдар Оразалы – ақын, сазгер, мәдениет қайраткері. Ақынның аталмыш кітабына оның әр жылдары жазылған өлеңдері топтастырылған. Жалпы кітап 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім туған жер, табиғат, өзі туып өскен Абай ауданы, қасиетті Қарауыл ауылы туралы өлеңдерден тұрса, екінші бөлім «Оянған сезімдер» деген атқа ие. Аталмыш бөлімдерде ақынның лирикалық өлеңдері орын алған. Үшінші бөлім «Білдіріп көңіл лебізін» деп аталып, оған ақынның өмір жолында серіктес, тағдырлас болған адамдарына деген, өзіне қол ұшын созып, қиын сәтте демеген жандарға деген алғыс өлеңдері берілген. Төртінші бөлім Елдар Оразалының сазгерлік қырынан сыр шертеді. Ол бөлімге сазгердің он беске жуық әні ноталық үлгіде берілген. Жалпы кітап 10 баспа табақ көлемінде, Өскемен қаласында жарық көрді.

Елдар Оразалының «Уақыт жемісі» кітабының тұсаукесері өтті

Кітап Шығыс Қазақстан өнер мұражайының қолдауымен, мұражайдың «АРТ-елі» атты арнайы жобасының аясында жарыққа шығып отыр. Бұл елеулі мәдени шараға облысқа есімі белгілі қаламгерлер, журналистер, студент жастар қатысты. Кешті ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азамат Тасқараұлы жүргізді. Кеш барысында сөз алған қазақтың үлкен жазушысы Мүсілім Құмарбекұлы, жазушы, журналист Айтмұхамбет Қасымов, өңірімізге жақсы танымал ақын Советхан Қалиғожин ақын туралы, ақынның жырлары туралы өз ойларын айтып, пікірлерін білдірді. Қазақтың жезтаңдай әншісі Әділ Тұрғанбаев кешті әнмен әдіптеді.

Бұл кітапқа алғысөз жазған – қазақтың абыз ақсақалы, арда ақыны Серік Ғабдуллаұлы. Онда Серік Ғабдуллаұлы ағамыз «Өлеңін өміріндей сүйетін Елдар ақынның жүрегі сарын мен сазға, әуен мен әуезге қашанда түрік» деп бір ауыз сөзбен түйіндеп, оның шығармашылығына өзінің жақсы пікірін білдіріп, бағасын беріпті.

Елдар Оразалының «Уақыт жемісі» кітабының тұсаукесері өтті

Жуықта ғана дүниеден өткен Серік Ғабдуллаұлы өзінің соңғы ақ батасын Елдар Кәменұлына беріпті. Олай болса ақын Елдар Оразалының әлі де халыққа берері мол деп сенеміз. Біз де Елдар Кәменұлына «Өлең өлкесіндегі саяхатың ұзақ болғай!» тілек айтамыз.

Азамат Тасқараұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Мәдениет | Кілт сөдер: Елдар Оразалы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар