«Казахмыс Корпорациясы» объектілерінде өндірістік жарақат алу оқиғалары бойынша прокуратура қарар шығарды

(Дауыстар: 1)
«Казахмыс Корпорациясы» объектілерінде өндірістік жарақат алу оқиғалары бойынша прокуратура қарар шығарды

«Казахмыс Корпорациясы» ЖШС объектілерінде өндірістік жарақат алу оқиғалары жиілеуіне байланысты ШҚО прокуратурасымен қалыптасқан ахуалға талдау жүргізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Глубокое ауданы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы 2 ай ішінде, яғни 2013 жылдың желтоқсан айынан 2014 жылдың ақпан айына дейін өндірісте кісі өліміне әкеп соққан 2 қайғылы оқиға тіркелді.

2013 жылдың желтоқсан айының 28 күні «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС-нің Березовка байыту фабрикасында параболикалық бункердің құлауы салдарынан диірмен машинисі Иванов Б. қаза болған.

2014 жылдың ақпан айынын 7 күні Ертіс кенішінде де тау массасының төгілуі салдарынан үнгуші Ниматулин Е. Қаза болған.

Аталған барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 152 бабының 2 бөлімімен (еңбекті қорғау ережесін бұзу) қылмыстық істер қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, орын алған оқиғалардың себебін анықтау мақсатында арнайы тергеу тағайындалған.

Машинист Ивановтың қаза болу фактісі бойынша Глубокое ауданы прокуратурасының бақылауымен жүргізілген арнайы тергеумен мемлекеттік еңбек инспециясымен жұмыс берушінің 100 % кінәсі анықталды.

Арнайы тергеу барысында анықталғандай, бұрын 2010 жылы «Технология» ЖШС-і Березовка байыту фабрикасының бункерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізген. Осы жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында фабрикадағы 2 бункерден 1 бункер жасап шығарған.

2013 жылғы жағдай бойынша бункер апатты жағдайда болған, соған қарамастан бункер өндірісте үздіксіз пайдаланылған.

Сондай-ақ, арнайы тергеу көрсеткендей «Технология» ЖШС-і жөндеу жұмыстарын ешқандай жобалық және техникалық құжаттарынсыз жүргізген. Соның салдарынан аталған бункер құлап, машинист Ивановтың өліміне әкеп соққан.

Екінші қайғылы оқиға бойынша Глубокое ауданы прокуратурасымен тексеру жүргізу тағайындалды. Тайындалған тексеру жұмыстары заңмен көзделген тәртіпте жүргізілетін болады.

Аталған қайғылы оқиғалардағы жұмысшылардың қазаға ұшырау фактілері Шығыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдай Дператаменті мен Мемлекеттік еңбек инспекциясы уәкілетті мемлекеттік органдары тарапынан аталған объектілерінен еңбек пен өндірістік қауіпсіздікті қорғау жағдайына бақылауды тиісінше жүзеге асырмау салдарынан орын алған.

Ертіс кеніші мен Березовка байыту фабрикалары жоғарыда аталған уәкілетті органдармен жыл сайын тексеріліп отырса да, олармен қолданылған шаралар тиісті нәтиже бермейді.

Өндірістік жарақат алу фактілері, сондай-ақ ерекше алаңдатушылық тудыратын, жұмысшылардың өліміне әкеп соғатын қайғылы оқиғалар, әлі де болса өндірістік кәсіп орындарда орын алуда.

Қазіргі таңда Глубокое ауданы прокуратурасымен ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар Департаменті мен Мемлекеттік еңбек инспекциясы басшыларының атына өз міндеттерін тиісінше атқармаған кінәлі тұлғалардың жауапкершілігін қарау мәселесін қоя отырып, заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс дайындалған. Сонымен қатар, «Казақмыс Корпорациясы» ЖШС кәсіпорындары басшыларының да жауапкершіліктері қаралатын болады, сондай-ақ, жауапкершеліктерін қарау барысында оларға ең қатаң шаралар қолданылатын болады.

Қылмыстық істердің тергеу барысы аудан прокуратурасының бақылауына алынған.

Қазіргі уақытта қайтыс болған Б.Ивановтың отбасына оны жерлеуіне кеткен шығындар толық өтелді, сондай-ақ, асыраушысын жоғалтуы бойынша жұмысшының 10 жылдық еңбек ақысы көлемінде төлем жүзеге асырылуда. Ивановтың орташа еңбек ақысы айына шамамен 100 мың теңге.

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша өндірісте орын алған осы екі қайғылы оқиға фактілерін ескеріп, облыс прокуратурасымен заңмен белгіленген тәртіпті сақтай отырып, облыстың барлық өндірістік кәсіпорындарында тексеру тағайындалатын болады. Осы тексеру барысында азаматтардың еңбектерін қорғауға байланысты конституциялық құқықтарының сақталуына және зардап шеккендерге келтірілген зиянның өндірілуіне ерекше назар аударылатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар