Қорға қаржы аударуда Семей қаласы алға шықты

(Дауыстар: 1)
Қорға қаржы аударуда Семей қаласы алға шықты

Былтыр өткен «Ізгі ниет» Шығыс Қазақстан облыстық қайырымдылық марафонының қорытындысы шығарылды. Қорға қаржы аударуда Семей қаласы алға шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өткен жылы қорға түскен қаржы көлемі 16 млн. 250 мың теңгені құрады. Марафонға аудандар мен қалалардың тұрғындары қатысып, қорға ақшалай үлестерін қосты.

Осы қорға қаржы аударуда Семей қаласы бірінші орынға шықты, екінші орында – Глубокое ауданы, үшінші орынды Зырян ауданы мен Риддер қаласы алды.

- Былтыр қор есебінен 186 адамға жалпы жиыны 25,3 млн. теңге көлемінде шағын несие бөлінді. Сондай-ақ, аудандар мен қалалар әкімдерінің ұсынысы бойынша 1455 мұқтаж жанға жалпы мөлшері 5,4 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз негізде заттай немесе ақшалай көмек көрсетілді, – дейді «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан аймақтық қоры» шағын несие ұйымының директоры Сәкен Ғайса.

Осы қор құрылғаннан бері 15 жылдың ішінде аз қамтылған 3508 шығысқазақстандық отбасы 195 млн. теңге көлемінде несие алып, жеке кәсіптерін ашып, өз жұмыстарымен айналысып жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар