«Біздің куратор және мен» атты сайыс өтті

(Дауыстар: 1)
«Біздің куратор және мен» атты сайыс өтті

14 ақпан күні Семей қаласының Шәкәрім университеті іргесінде «Біздің куратор және мен» атты сайыс өтті.

Жарыстың өтуіне университеттің ең белсенді факультеттерінің бірі – гуманитарлық-заң факультеті мұрындық болды. Байқаудың бірінші бөлімінде сайыскерлер 8-ші ақпан күні спорттық ойындар бойынша сынға түскен еді. Нәтижесінде «Аудармашылар» тобы (Аударма теориясы және практикасы кафедрасы) 16 ұпай жинаса, «Алау» (Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасы), «Жас заңгер» (Құқықтану кафедрасы), «Жас алаш» (Қазақстан тарихы кафедрасы) және «Эйфория» (Психология кафедрасы) топтарының әрқайсысы қоржындарына 17 ұпайдан салды.

«Біздің куратор және мен» атты сайыс өтті«Біздің куратор және мен» атты сайыс өтті

Байқаудың екінші бөлімі оқу орынның акт залында өтті. Жиында ең бірінші болып сөз алған тәрбие бөлімінің бастығы Готман Лиза Арнольдқызы барлық қатысушы топтарға сәттілік тілеп, өз сөзінде «Куратор күнін» белгілеп, жыл сайын айтулы датаны атап өтуді ұсынды. Әрине, бұл – құптарлық іс. Мұндай игі ұсынысты шараға жиналған қалың жұртшылық та бірауыздан қолдады.

Аталмыш байқаудың екінші бөлімінде сайыскерлер білімдері мен өнерлерін сынға салды. Бұл бөлімде қатысушылар 4 айналым: таныстыру, пантомима, «Біздің университет» атты тақырыпта студентке зияткерлік-танымдық, кураторға ситуациялық сауалдар жолдау және өз өнерлерін көрсету бойынша өзара жарысты.

«Біздің куратор және мен» атты сайыс өтті«Біздің куратор және мен» атты сайыс өтті

Сайыскерлердің жанкүйерлері акт залына көптеп жиналды. Тіпті ине шаншар жер болмады. Олар әр қатысушы топқа рух беріп, қанаттандырып отырды. Жігерлеріне жігер қосып, рухани демеу болды.

««Біздің куратор және мен» атты байқау университет студенттері мен топ кураторы арасындағы ынтымақтастықты арттырып, нығайта түседі. Сондай-ақ, кураторлардың тәрбие ісіндегі ұйымдастырушылық қызметтерін шыңдайды»,-дейді гуманитарлық-заң факультетінің деканы Мамырбеков Арафат Мәжитұлы.

«Біздің куратор және мен» атты сайыс өтті«Біздің куратор және мен» атты сайыс өтті

Сонымен, «Ең үздік куратор мен топ» атағы кімге бұйырды? Әділдікке бас иген әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Алау», яғни ЖУ-103 тобының студенттері мен топ кураторы Кәрімова Бибігүл Жұмашқызы байқау жеңімпазы деп танылды. Сайыста оза шауып, бас бәйгені жеңіп алған топқа арнайы кубок пен сыйлықтар табысталды. Жарысқа қатысқан топтар түрлі аталымдар бойынша алғыс хаттармен марапатталды.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Білім

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар