Семейде самбо саңлақтары сұрыпталды

(Дауыстар: 1)
Семейде самбо саңлақтары сұрыпталды

Өткен аптаның 14-15-і күндері ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласы бойынша ШҚО №1 БЖСМ" КММ-інің ғимаратында ерлер мен әйелдер арасында самбо күресінен және әскери самбодан облыс чемпионаты өтті. Әскери самбо күресі облысымызда енді ғана қолға алынып, тұңғыш рет Семей шаһарында өткені Алаш жұрты үшін абырой екені рас.

Салтанатты ашылудың құттықтау сөзі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласы бойынша ШҚО №1 БЖСМ" КММ-інің басшысы Мерейғалы Қойшыбекұлы Көшкіновке берілді.

- Құрметті спортшылар, спорт сүйер қауым, бүгін міне, ШҚО-ның самбо күресінің чемпионатын өткізгелі отырмыз. Сіздерді Шығыс Қазақстан облысы спорт басқармасының атынан шын жүректен құттықтаймыз. Осы жарыста жеңіп шыққандар біздің облысымыздың намысын қорғайтын болады. Бұл наурыз айының 15-інде Алматы облысы, Талдықорған қаласында өтеді. Сондықтан сендерге тілейтінім тек қана жеңіс!- деді Мерейғалы Қойшыбекұлы. Сонымен қатар, самбо күресінің спорт жекпе-жегі атағын алған балуандарды құттықтап, салтанатты түрде арнайы куәлік тапсырды.

Келесі сөз ШҚО бойынша самбодан аға жаттықтырушы, осы жарыстың бас төрешісі Имаханов Біржанға берілді. Бас төреші әскери самбо күресінің қатаң талаптарын бір қайталап, жарыстың халықаралық дәрежеге сай өтетінін тағы бір мәрте ескертті.

ШҚО барлық өңірлерінен ең мықты деген 150-ге тарта жарысқа қатысушылар жиналды. Екі қатар төселген күрес кілемінде самбошылар барын салуға тырысты. Нәтижесінде төмендегі тізімдегілер жүлделі орындарды еншілеп, (40 кг), (+100) салмақ дәрежелері бойынша 1,2,3 - орын алғандар марапатталды. Ерлер арасында самбодан (52кг) салмақ бойынша 1-орынды №1БЖСМ-нің спортшылары: Шакиров Ерболат, 2-орынды Шайксламов Дамир, 3-орынды Мақсат Арман және Дидар Тұрсыновтар иеленді. Айта кетерлік жайт, төрешілер 3-орынды 2 палуанға қатар берді. Сондай-ақ (57кг) салмақта 1-орынды Сабырбаев Айдос, 2-орынды Мерейғалы Қыпшақ, 3-орынды Кульчубеков Айдынбек, 3-орынды Рамазанов Мерландар \Спорт колледж қоржындарына салды. (62кг) салмақта жеңімпаз атанғандар: 1-орынды Тұрарбеков Мейіржан, 2-орынды Ракишев Ринат, 3-орынды Муратбеков Олжас, 3-орынды Берікболов Айбектер иеленді. (68кг) салмақта 1-орынды Жақсыбеков Дидар, 2-орынды Елубаев Бауыржан, 3-орынды Сайдахметов Данияр\Спорт колледж, 3-орынды Бекешов Нұржандар қанжығаларына байлады. (74кг) салмақ нәтижесінде 1-орынды Бейсенбаев Елдар, 2-орынды Мұсаинов Архат, 3-орынды Қалиоллаев Асхат\Спорт колледж, 3-орынды Келисов Рүстем\ЖСШМ иеленді. 1-орынды Канафин Медет, 2-орынды Қабдоллаев Мерей, 3-орынды Құмашев Азат, 3-орынды Мусин Даниярлар (82кг) бойынша бақ сынасты. (90кг) салмақта жеңіске жеткендер: 1-орын Қайырбек Ерасыл\Спорт колледж, 2-орын Құсайнов Рамазан\ЖСШМ, 3-орын Нұрахметов Еркебұлан\ЖСШМ, 3-орын Конкиев Ерландарға бұйырды. (100кг) салмақта күш сынасып, 1-орынды Асаинов Мейрам, 2-орынды Болатхан Қуаныш\ЖСШМ, 3-орынды Баймағұлов Нұржандар алды. (+100кг) салмақтан асқан күш иелері: 1-орынды Қыдырманов Чингиз, 2-орынды Сапарғали Еркебұлан\ЖСШМ, 3-орынды Мұхаметқалиев Ержан\ЖСШМ иеленді.

Әйелдер арасындағы (48кг) салмақ бойынша белдескен бұрымдылар: 1-орынды Кеңесбекова Жұлдыз, (56кг) салмақта 1-орынды Нәдірханова Мадина, 2-орынды Нұрғалиева Гүлдана\Ақжар, 3-орынды Саданова Құндыз, (60кг) салмақ бойынша 1-орынды Атаева Жібек\Спорт колледж, 2-орынды Қарабалаева Әсел, (64кг) бойынша 1-орынды Отарбаева Рыскүл\МБЖСМОР, (68кг) салмақта 1-орынға Табиева Перизаттар МБЖСМОР табан тіреді.

Әскери самбоның жеңімпаздары: (52кг) салмақта 1-орынды Алиев Заур\Өскемен, 2-орынды Айткенов Оралбек, (57кг) салмақта 1-орынға Сандыбеков Орынбек\Семей, 2-орынға Рысбек Асхат\СФЭК, 3-орынға Қуанышбеков Әділет, 3-орынға Нұрсапа Достық\СФЭК табан тіреді. (62кг) бойынша 1-орынға Рахимов Қайсар\Өскемен, 2-орынға Омарханов Саттіғали\Семей, 3-орынға Қалиев Данияр\Семей, 3-орынға Темірбеков Бағдаттар жеңімпаз аталды. (68кг) бойынша 1-орынды Қажиев Рүстем\Өскемен, 2-орынды Берекпулов Жумабек\Өскемен, 3-орынды Ахметжанов Еркебұлан\Семей, 3-орынды Хайса Аманжол\Семей иеленді. (74кг) бойынша 1-орынға Мукашев Олжас\Семей, 2-орынға Қырықбаев Айдын\Семей, 3-орынға Алмабек Аман\СФЭК, 3-орынға Сапарғалиев Ернат лайық күш көрсетті. (90кг) бойынша 1-орынға Мадинов Райхан\Өскемен, 2-орынға Құсайнов Рамазан\ЖСШМ, (100кг) бойынша 1-орын Риб Евгений\Өскемен, 2-орын Какимов Құрметтер ие болды. (+100кг) салмақта 1-орынды Қыдырманов Чингиз қанжығасына байлады. Екі күнге созылған облыстық іріктеу өз палуандарын таңдады. Бұл бәсекеден үздік шыққандар республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Медет Демежан
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Спорт

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар