Республикалық ақпараттық-насихат тобы Аягөзде болып қайтты

(Дауыстар: 1)
Республикалық ақпараттық-насихат тобы Аягөзде болып қайтты

Республикалық ақпарат-насихат топ мүшесі Ішкі әскерлер Бас Қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Мухометқали Құсаиынұлы Сатов Елбасының «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын насихаттау мақсатында кездесу өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кездесу барысында РАНТ мүшесі Мухометқали Сатов, Аягөз аудандық мәслихат хатшысы Төлеухан Бозтаев, ҚАІІБ-нің бастығы поиция полковнигі Дулат Қазақпаев және аудандық ішкі саясат бөлім басшысы Роза Қаирбаева теміржол мекемелерінің еңбек ұжымдарымен, ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен және медицина қызметкерлерімен Елбасының Қазақстан халқына биылғы Жолдауын кеңінен талқылап, негізгі басымдықтарға тоқталды.

Кездесуде еліміздің өркендеуі үшін өзекті мәселелер ретінде Мемлекет басшысының жеті бағыттан тұратын бағдарламаларын түсіндіріп берді. Атап айтқанда, эканомикалық саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және денсаулық саласын жетілдіру, ауыл шаруашылығын өркендету, үдемелі индустриялық-иновациялық даму бағдарламасын дамыту,құқық қорғау органдарының барлық саласын жандандыру керектігі қарастырылды.

Тілеукен Тілеубердіұлы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар