Қазақстан банктері банкротқа ұшырауы туралы жалған хабарлама таратқан адамдар ұсталды

(Дауыстар: 1)
Қазақстан банктері банкротқа ұшырауы туралы жалған хабарлама таратқан адамдар ұсталды

Еліміздегі «үш бірдей банк банкротқа ұшырайды» деп жалған хабарлама таратқан адамдар қолға түсті. Бұл жөнінде Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, кейінгі бірер күнде қазақстандықтардың қалта телефондарына белгісіз ақпарат көзінен «банктер банкротқа ұшырайды» деген хабарламалар (смс) дүркін-дүркін келіп түсіп, дүрліккен жұрт депозиттегі ақшаларын шешіп ала бастаған-ды. Десек, мұның бәрі қаскөйлер таратқан қауесет екен.

Арандатушы хабарламада: «үш банкте: «Кaspi bank», «Центр Кредит Банкі» және «Альянс Банк» банкрот болады делінген. Бірақ аталған қаржылық құрылымдардың өкілдері бұл хабардың елдегі қаржылық жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында жасалған арандатушылық әрекет екенін ресми түрде мәлімдеген. Тіпті, «Кaspi bank» жалған SMS-таратылымдардың басында тұрғандарды тапқан адамға 100 млн. теңге сыйақы беретінін жеткізген.

Осы жағдайға қатысты Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, ҚР Ұлттық банкі барлық қазақстандық банктерде шетелдiк валютада да, ұлттық валютада да қаржының жеткiлiктi. Заңнамаға сәйкес тұлғалардың кез келген валютадағы депозиттерiне Қазақстан мемлекетінің тарапынан кепiлдік берiледі. Ол Қазақстан азаматтарына осындай жалған ақпараттарға сенбуін сұрап, сабыр сақтауға шақырды.

Қазір арандатушы тұлғаларға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар