«Абай арманы» зиялылар клубы кезекті отырсын өткізді

(Дауыстар: 1)
«Абай арманы» зиялылар клубы кезекті отырсын өткізді

19 ақпан күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Абай арманы» зиялылар клубының кезекті мәжілісі болды.

Ұлылардың ғылыми ізденістерін, бай мұрасын әспеттеу мақсатымен аталмыш зиялылар клубы 2012 жылдың сәуір айында құрылған болатын. Клубтың өткен мәжілістерінде Ш.Әмірбеков, Т.Омарбекұлы, Т.Жұртбай, А.Еспенбетов, Ғ.Есім сынды республикамызға белгілі ғалымдар дәріс оқыды.

Абай мұрасын жаңаша түсінуге, тереңдей ұғынуға кеңінен жол ашатын клубтың бүгінгі қонағы әлихантанушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сұлтанхан Аққұлұлы.

«Абай арманы» зиялылар клубы кезекті отырсын өткізді

Абай шығармашылығының Әлихан Бөкейхан зерттеуінде тақырыбы төңірегінде ой өрбіткен ғалым «Әлиханның басты арманы – Абай жинағын жарыққа шығару, ақын мұрасын қалың ел арасына тарату болды»,- дейді. Сонымен қатар, Абайдың өмірімен ақындық өнері жөнінде бірінші ғылыми ой 1905 жылы «Абай Құнанбаев» деген азанама мақаласымен басталатындығы, Абай мен Әлиханның кездесуі мүмкін деген ой төңірегінде өз көзқарасын білдірді. Сұхбат төңірегінде өрбіген отырыс қонақтарын ғалым өзінің шешендігімен, білімділігімен тәнтті етті. Ұзақ жылғы Әлихан Бөкейханов жайлы жинаған мол мағлұматын ортаға салды.

Қазақ елінің тұтастығы, рухани бай болу сынды Абай армандаған идеяларды жүзеге асыруды мансұқ еткен клуб отырысында қалың көпшілік, әсіресе студент жастар мол мағлұмат алғаны сөзсіз.

Мақсат Жарылғасынұлы
Семей қаласының «Шәкәрімтану» ҒЗО маманы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Білім | Кілт сөдер: абай

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар