Ауылшаруашылығы саласын Қазақстанда дамыту жолдары айтылды

(Дауыстар: 1)
Ауылшаруашылығы саласын Қазақстанда дамыту жолдары айтылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында ауылшаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлінген. Елбасы жаңа заманауи технологияларды пайдалану арқылы бұл саланы жаңғыртуға, инновациялық әдіспен өркендетуге шақырған еді. Ел көшбасышысы алға тартқан ұсынысты көпшілік бірауыздан қолдады.

Солардың бірі ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті төрағасының орынбасары Серік Сапарғалиев елбасы бастамасын жүзеге асыру мақсатында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіндегі аграрлық факультет оқытушыларымен, студенттерімен жүздесті.

Аталмыш қара шаңырақтағы аграрлық факультеттің түлегі Серік Қинаятұлы еліміздің ауылшаруашылығы саласын дамытудың қыр-сырын айтып, біраз ой бөлісті. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасының тиімді тұстарына тоқталды. Жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті, ШҚО аумақтық инспекциясының бастығы Тоқтасынов Кенжеғазы Абзалбекұлы, Семей қаласы ауылшаруашылық және ветеринария бөлімінің бастығы Сүйчинов Әнуарбек Ғазизұлы да қатысты.

Ауылшаруашылығы саласын Қазақстанда дамыту жолдары айтылды

Кездесуден кейін университеттің ғылыми және инновациялық жұмыстары жөніндегі проректоры Әмірханов Құмарбек Жүнісбекұлы және еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті төрағасының орынбасары Серік Сапарғалиев бастаған топ аграрлық факультеттің қазақ-америкалық «Агроинновация» орталығының зертханаларына ат басын бұрды. Серік Қинаятұлы зертхананың тыныс-тіршілігімен, мұнда атқарылып жатқан жұмыстармен, жабдықталған технологиялармен жіті танысты.

Жібек Серғазы
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар