Интернационалист-жауынгерлерді марапаттау шарасы өтті

(Дауыстар: 1)
Интернационалист-жауынгерлерді марапаттау шарасы өтті

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 25 жылдығы биыл кең көлемде аталып жатыр. Осыған орай ақпан айының 21 жұлдызында Семей қаласы әкімдігінің кіші залында интернационалист-жауынгерлерді марапаттау шарасы өтті. Бұған қала әкімінің орынбасары Зәуреш Рамазанқызы мен Семей қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Жәнібек Ыдырышев қатысты.

Ардагерлерді ардақтауға арналған шараның алғы сөзін Зәуреш Рамазанқызы алып:

- Қайырлы күн, ардақты ауған соғысының ардагерлері! Бүгінде елімізде Ауған соғысының аяқталғанының 25 жылдығына орай көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Өздеріңіз соның басы-қасында болдыңыздар, бірге қатыстыңыздар. Бүгін міне, тағы да бір мәрте бастарыңызды қосып, қалалық әкімдікке шақырып отырмыз. Мұндағы негізгі мақсатымыз – 25 жылдыққа байланысты медаль тапсыру рәсімін өткізу болып табылады.

Сіздердің жастарға патриоттық тәрбие берудегі үлестеріңіз зор деп айтқым келеді. Ерен ерліктеріңізді халық үнемі есте сақтайды. Ардагерлер үшін қала әкімдігінің есігі әрдайым ашық. Қолдан келгенше сіздерге жәрдем беруге тырысамыз,-деді.

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальді тапсыру салтанатты түрде табысталды. Қаламызда 469 ауған ардагері бар десек, соның ішінен 20 шақты азаматқа атап айтсақ, Абишев Марат Джунусович, Акимов Мухамеджан Мансурович, Бегатов Боранбай Оразбаевич, Бейсенбаев Серикболсын Муздыбаев, Жуанышев Серикхан Досанович, Захаров Владимир Иванович, Казаков Виктор Степанович, Красильников Валентин Николаевич, Мусин Ербол Рахметоллаевич, Окапов Асан Нариманович, Сулейменов Ныгметулла Гавидоллаевич, Токтаров Женискали Мырзабекович, Туктибаев Қуантай Ақылбаевич, Турсынбаев Даулет Мертаевич, Уакбаев Махмуджан Сыдықұлы, Шагиев Алибек Токановичтерге медальдар табысталды.

рдагерлер бірлестігінің төрағасы Бегатов Боранбайдың айтуынша, Семей өңірінен 46 адам қаза тауып, оның ішінде 2 адам хабарсыз кеткен екен.

Семей қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Жәнібек Ыдырышев өз сөзінде: «Бұл соғыс жайлы шындықтың талай жылдан бері тұмшаланып келгенін білеміз. Ауған соғысының ардагерлерін әрдайым құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, отан үшін отқа түсіп, қыршыннан қиылған, жат жерде көз жұмған жерлесе азаматтарымызды еске алу баршамыздың міндетіміз. Бүгінгі бейбіт күннің ұрпағын елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуіміз қажет» деді.

«Қазақ еліне қызмет етемін!» деген ардагер қауым әлі де өздерінің зор рухты, қайратты екендіктерін байқатқандай болды.

Қатысушылардың барлығы естелік суретке түсіп, жарасымды көңіл-күйде тарасты.

Медет Демежанов
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар