Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

(Дауыстар: 1)
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Өскемендегі орталық алаңда өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев аралап көрді. Бұл - өңірдегі азық-түлік бағасын тұрақтандырудың кезекті шарасы еді. Үржар және Шемонайха аудандарының шаруа қожалықтары қалалықтарға өз өнімдерін арзан бағамен ұсынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО әкімі күнделікті тұтынатын азықтүлік тағамдары бағасының қолжетімді екенін көрді. Бағаға көңілі толған аймақ басшысы осындай жәрмеңкелер өтетінін халық алдын ала біліп отыруы керектігін атап көрсетті.

«Мұздыбай» шаруа қожалығының өнімдері саудаланған жерде ұзын-сонар кезек, өйткені, бұл жерде – картоп, қырыққабат, пияз, сәбіздің келісі – 55 теңгеден болды. «Сахарный центр» ЖШС қанттың келісін – 131, макарон өнімдерін – 105-110, жармаларды – 80 мен 130 теңге арасында саудалады.

Көктал ауылдық округінің әкімі Ботақан Нұғыманов екі тонна Алакөл балығын жеткізгендерін тілге тиек етті. Көксеркенің келісі – 400, сазан – 350, табан балық пен карп балығы – 200 теңгені құрады.

– Біздің негізгі мақсатымыз – бағаның өсуіне жол бермеу. Әкелген тауарлар бағасын қала базарларынан 15-20 пайызға төмен ұстап тұрмыз, балығымыз жақсы өтті, – деді ол.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында несие алып, құс өсіріп отырған «Сұлтанова» шаруа қожалығының жұмыртқаларын да жұртшылық көптеп алды. Қожалық басшысы Сәкен Сахариев теңге девальвациясының шаруашылыққа еш әсер етпегенін жеткізді. Екі мың тауық өсіріп, нәпақаларын айырып отырған олар құс жемшөбінің қорын молынан қамдап алғандарын айтады. Жұмыртқаның он данасы 140-160 теңге аралығында сатылып жатты.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Үржарлық шаруалар 10 тонна ет пен 7 тонна пияз, 5 тонна картоп, 2 тонна балық өнімдерін жеткізсе, шемонайхалықтар да еттің үш түрін, өздері өндірген сұйық май, сүт және бал өнімдерін көңілге қонымды бағамен қалалықтарға ұсынды. Сиыр мен қой етінің бір келісі – 900 теңгеден сатылса, жылқының еті – 1000 теңгеден асқан жоқ.

Айта кетейік, сол күні шемонайхалық шаруалар жәрмеңке сөрелеріне 2,5 тонна ет, екі тонна жарма, екі тонна өсімдік майын шығарды.

Первомайкалық «Востоксельхозпродукт» ЖШС өсімдік майының бір литрін 200 теңгеден сатса, верхубалық «Ютекс» ЖШС сүт өнімдерінің түр-түрін арзан бағамен ұсынды. Зевакино ауылдық округінің омарташылары балдың келісін 700 теңгеден саудалады.

Қала тұрғыны, зейнеткер Мәрзия Смағұлова жәрмеңкенің қайта жанданғанына ризашылығын білдірді. – Біз сияқты қаншама зейнеткер теңге бағамы түсіп кеткенде абдырап қалғаны рас. Азықтүлік бағасы өсіп кетсе, қалай күн көрер едік. Абыржитын дәнеңе жоқ екен. Бүгінгі жәрмеңкеде азық-түліктің бағасы сол қалпында тұр. Алдағы уақытта да халыққа қажетті, күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы күрт көтеріліп кетпесе деген тілегім бар, – деді ол.

Қорыта айтқанда, жәрмеңке ойдағыдай өтіп, қаладағы ағайын біраз азық-түлігін қамдап алды. Ал шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының өспейтініне сендірді.

Эльмира Тайырқызы
сурет Есімхан Орынбаевтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: жәрмеңке

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар