Ирландиялық қайырымдылық қоры Семейде хоспис салуды көздеп отыр

(Дауыстар: 1)
Ирландиялық қайырымдылық қоры Семейде хоспис салуды көздеп отыр

Ирландиялық «Чернобыльдан да маңызды іс» қайырымдылық ұйымының төрайымы Фиона Коркоран ханымды ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев қабылдады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан үшін талай қайырымдылық шараларын өткізген Фиона ханымның есімі ШҚО жұртшылығына жақсы таныс. Еліміздегі атқарған игілікті істері арқасында ол 2010 жылы Президент Жарлығымен «Қайырымдылығы үшін» медалімен марапатталған. Он бес жыл бойы Фиона Коркоран Семейдегі «Қызыл крест» ұйымына қарасты аурухананы қажетті құрал-жабдықтармен қамту, әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған жанұя балаларын қолдау, ауылдық жерлердегі шағын бизнесті дамыту, полигоннан зардап шеккен балаларды шетелде емдету тәрізді қайырымдылық көмек жасаған. 1999 жылдан бері осы мақсаттарға қор бір жарым миллион еуро көлемінде қаржы жұмсапты. Осы сапары барысында Фиона Коркоран ханым тағы бір қайырымдылық істі қолға алып отыр, ол – Семейде отыз орындық хоспис ғимаратын, яғни дауасыз аурулар баспанасын салу.

– Семей сынақ полигонынан зардап шеккен отандастарымызға көрсетіп келе жатқан көмектеріңіз үшін көп рақмет. Ирландияда тұрып, сол елдің азаматшасы бола тұра, Қазақстанға жәрдемдесіп отырсыз. Бұл сіздің мейірімді екеніңізді дәлелдейді. Сіз қайырымды істеріңізбен өзгелерге үлгі көрсетіп келесіз. Тағы да жерлестерімнің атынан Сізге алғыс білдіремін. Сіздің атқарған қайырымдылық қызметтеріңіз жайында көп естідім. Алдағы уақытта да достық көңілдер жалғасын табады деп сенемін. Өңірімізге тағы да бір қайырымды сапармен ат басын бұрып отырсыз, жұмысыңызға сәттілік тілеймін, – деді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ирландиялық қайырымдылық қорының төрайымы Фиона Коркоран

Мемлекет тарапынан полигоннан зардап шеккен жандарға жан-жақты көмек көрсетілуде. Мәселен, Семейде оларға арнап оңалту орталығын салу жоспарланып отыр. Облыс Әкімі Фиона Коркоранның ұсынысына қолдау білдіріп, оның хоспис салуға беріп отырған 152 мың еуро қаражатына қосымша облыстық «Парыз» қорынан 12 миллион теңге қаржы бөлінетінін жеткізді. Ал болашақ медициналық мекеменің қай аумақта орналасатыны және қай мекеменің қарамағында болатыны жөнінде осы кездесуге қатысқан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы елена Ясинская мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянниковке тапсырылды.

Кездесу барысында Фиона Коркоран ханым Қазақстан, оның ішінде Шығыс өңірі жайында жылы лебізін жеткізе келе, өзара ынтымақтастықтың баянды болуына тілектестік білдірді. – Мен Шығыс Қазақстанды, Семей қаласын өзімнің екінші Отаным санаймын. Мұнда өмірге құштар тамаша адамдар өмір сүреді, осында келген сайын тағдырдың қиындығына мойымаған қайсар жандарды көріп, өзіме үлкен күш-қуат жинап қайтамын. Болашақта бой көтеретін хоспис үйі полигон жарылыстарынан зардап шеккен жандардың жан күйзелісі мен ауруын аз да болса жеңілдетеді деп сенемін, – деді журналистерге берген сұхбатында қор жетекшісі Фиона Коркоран.

Ержан Әбіш
сурет Есімхан Орынбаевтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар