Тілдерді дамыту орталығы Семей тұғындарының ризашылығына бөленді

(Дауыстар: 1)
Тілдерді дамыту орталығы Семей тұғындарының ризашылығына бөленді

Семей қаласындағы тілдерді дамыту орталығының ашылғанына аз ғана уақыт өтсе де, осы ұжымның тізгінін қолға алған Гүлнар Әпеева тұрғындардың ризашылығына бөленіп үлгерді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әсіресе, бұл жерден алыстан келген оралман ағайын шықпайтын болыпты. Олар орыс тілін тегін меңгерумен қатар, қазақша қаріптерді де қатесіз жазуды үйренуде. Себебі, олар қазақша сөйлегенмен, жазу кезінде моңғол не қытай тілінің қаріптерімен, латын грамматикасымен жаза бастайды екен.

– Мен облыстық «Дидар» газетін қазақша оқуды осы орталыққа келгеннен кейін үйрене бастадым, әсіресе, қысқа хабарларыңыз ұнайды. Олардың мағынасын түсінетін деңгейге жеткеніме қуаныштымын, – дейді Моңғолиядан келген оралман бауырымыз Асылзат Мақсұт, – бұрындары әріптерге көзім үйрене алмай, қатты қиналатынмын. Қазірдің өзінде ежіктеп оқимын, көбіне оқытушым көмектеседі. Орталық қызметкерлеріне, Гүлнар апайға ризашылығым шексіз. Бұйыртса, біраз уақыттан соң «Абай жолы» кітабын да қазақша оқитын боламын.

Гүлнар Серікханқызы қандастарымыздың тілді үйреніп кетуі үшін осылайша тың бағдарламаларды қолға алып, орталық жұмысын одан әрі жандандыруда. Орталықта жексенбілік мектептер де бар. Онда тұрғындарға татар, корей, еврей, неміс тілдерін тегін оқыту ұйымдастырылған. Сондай-ақ, Гүлнар Серікханқызы мемлекеттік қызметкерлер мен қарапайым халық үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері курстарының ашылғандығы халыққа тиімді екендігін айтуда. Оның көпдеңгейлік «Мемлекеттік тілді оқыту» және «Мемлекеттік тілді оқытудың салалық бағдарламаларын», мониторинг жүйесі үшін тест жинақтарын әзірлегендігін де айта кеткен жөн. Бұл күндері Өскемен, Павлодар, Семей қалаларында кеңінен қолданылып жүрген «Іскерлік қазақ тілі» оқулығының авторы да – осы кісі. Ол басшылық ететін орталық 2008 жылдан бері Семей қаласының әкімдік аппараты, салық комитеті, Семей қаласы бойынша қаржы полициясының басқармасы, тағы басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен студенттеріне, нақтылап айтқанда, 700-ден астам адамға әр деңгей бойынша қазақ тілін меңгерткен көрінеді. Білікті маман осы курстарда жүйелі сабақ жүргізіп, мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Семей қаласы әкімінің және облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың алғыс хатымен марапатталыпты. Гүлнар Әпеева бүгінде Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығында республика азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын ҚАЗТЕСТ-тегі жұмыс тобының мүшесі және сол орталықтың тест әзірлемешісі.

– Менің мақсаттарымның барлығы халық игілігіне бағытталған, – дейді Гүлнар Серікханқызы, – біз орталықта тіл үйренуші тұрғындардың саны артуына орай, ағылшын тілінен төрт ай оқығаны 7200 теңге тұратын жеңілдетілген, қолжетімді бағадағы курстарды да ұйымдастырып отырмыз. Яғни, тұрғындар сағатына жүз теңге ғана төлеп оқи алады. Қазір өзге жерлердегі курстар өте қымбат болғандықтан, тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері де, басқа тұрғындар да бізге келіп оқи бастады. Ақылы курстарға Семей мемлекеттік медицина университетінің және басқа еңбек ұжымдарының қызметкерлері де қатысуда. Біздің мақсатымыз – Елбасымыздың халқымыз білімді болсын, тілдерді жетік меңгерсін деген тапсырмасын орындау. Сондықтан да көп тілді меңгерем деушілерге біздің есігіміз әрдайым айқара ашық.

Раушан Нұғманбекова
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар