«Әлемдік кафе» арқылы студенттердің ғылымға құлаш сермеуі

(Дауыстар: 1)
«Әлемдік кафе» арқылы студенттердің ғылымға құлаш сермеуі

Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым — қоғамның рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі. Болашақта ғылым саласын дамытатын бүгінгі жастар.

Жастарды ғылым саласына шақыруға байланысты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Ғылым және ЖОО кейінгі білім бөлімі және Педагогикалық факультетінің студенттік ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен, 2014 жылдың ақпан айының 21-ші жұлдызында Педагогикалық факультеттің 1 курс студенттері арасында «Әлемдік кафе» атты студенттердің ғылыми бағытта тұсауы кесілді.

Тұсаукесерге келген студенттер мен оқытушылар бір шыныаяқ шай іше отырып, экология жайында әсерлі бейнероликті тамашалады. Ал, жиын модераторының алғы сөзінен кейін студенттерге түрлі көкейкесті мәселелер қамтылған тақырыптар үйлестірілді. Сондағы басты мақсат – 1 курс студенттерін ашық ой алаңына тарту, бір-біріне деген жағымды қарым-қатынасты ұйымдастыру.

Аталған іс-шарада қоршаған орта туралы студенттерден сауалнамалар алынып, экологиялық мәселелер талқыланды. Экологиялық мәселерді талқылауда топ студенттері бірлесіп, қоршаған ортадағы басты мәселерді белсене талқылап, өз ойларын тиянақты жеткізе білді. Студенттер: - «Аталған барлық теориялық мәліметтерді тәжірибе жүзінде жүзеге асырсақ...» деген ұсыныс білдірді. Берілген тақырыптар бойынша студенттер өздерінің жасаған жұмыстарын қорғап, өз ойларын ашық айтты.

Шараны қорытындылау мақсатында студент жастарға тақырыпқа орай бірнеше сауалдар қойылып, ашық пікір-сайыс та өтті. Өткізілген жиын барысында студент жастар тың ақпараттарға қанық болды.

Искакова М.О, Семей қаласы
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғылым
және ЖОО-нан кейінгі білім бөлімінің маманы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар