«Азия Авто Қазақстан» Өскеменде 12 мың жаңа жұмыс орнын ашады

(Дауыстар: 1)
«Азия Авто Қазақстан» Өскеменде 12 мың жаңа жұмыс орнын ашады

Өскемен қаласында ресейлік «АВТОВАЗ» ААҚ-мен серіктестік негізінде салынып жатқан «Азия Авто Қазақстан» АҚ-ның толық циклді автомобиль құрастыру зауытының және автокомпоненттер өндіретін технопарк салынып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Еліміздегі ең ірі көлік кластерінің бірінен саналатын бұл жоба республика аумағындағы толық циклді автомобильдерді өндіру бойынша тұңғыш ресейлік-қазақстандық бірлескен кәсіпорын және ресейлік-қазақстандық табысты кооперацияның мысалы болып табылады.

«БИПЭК авто» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкиннің айтуынша, кластердің іске қосылуымен аймақта жаңадан қосымша жұмыс орындары ашылып, қазынаға қомақты қаржы түспек.

– Бір апта бұрын ғана бас жоспарға қол қойдық. Қазір карьерді рәсімдеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта темірбетонды комбинат салу жоспарда бар. Өндіріс құрылысына екі мыңға тарта адам тартылады. Бұған қоса зауыт іске қосылғанда көліктерді дәнекерлеу, бояу және құрастыру қуаттылықтарына 4 мың адам тартылса, қосымша 8 мың адам аралас кәсіпорындарға алынады, – деген Анатолий Балушкин жаңа кәсіпорын жылына 150 мыңға дейін автомобиль құрастырып шығаруға қуатты екенін жеткізді.

Бұл жобаның жалпы құны 74,5 млрд. теңгені құрап отыр. Оның 14,5 млрд. теңгесі меншік қаражат болса, қалған сомасы қаржылық институттардан несиеге алған. Нысанды қолданысқа беру мерзімі келесі жылға жоспарланған.

– Кейінгі уақытта елімізде автоөнеркәсіп қарқынды даму үстінде. Республика аумағында екі кластер құрылған. Олар: Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы машина құрастыру зауыттары. Өскемендегі жаңа кәсіпорынның жылдық қуаты 150 мың көлік шығаруға әлеуетті.

Бұл жоба негізінен жекеменшік қаражат есебінен орындалады. Ал Үкімет болашақ зауыттың бүкіл инфрақұрылымын жүргізу, ұзақ мерзімді несие беру жағынан көмектеседі. Сонымен қоса кадрларды даярлауға және өнімдерді экспортқа шығаруға мемлекет қолдау көрсетеді, - деп нақтылаған Премьер-Министрдің орынбасары Әсет Исекешев алда тұрған міндеттерді де айтып өтті.

Оның пікірінше, ендігі міндет – екінші бесжылдыққа межеленген істерді мықтап қолға алу. Мұнда Президент тапсырмасына сәйкес, басым бағыттарға ие санаулы салаларға ерекше көңіл бөлініп, мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Мәселен, машинақұрастыру (автоөндіріс, электр қондырғылар), тау-кен металлургия кешені, туризм, азық-түлік өндірісі салаларының тынысы ашыла түспек.

Келесі міндет – инвесторлармен қарым-қатынасты белсендіру. Бүгінгі күні біздің облыста индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде бес шетелдік компания қызметтерін жүргізуде. Олардың ішінде «Азия Авто Қазақстан» жобасына қатысушы алпауыт «Рено-Ниссан» компаниясын, сондай-ақ, металлургия саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – кореялық «Posco» мен геологиялық барлау жұмыстарына маманданған «Рио Тинто» концернін ерекше атап өткен абзал. Аталмыш ірі кәсіпорындар іске жергілікті шағын және орта бизнес өкілдерін тартып, олардың өсіп-өркендеуіне барынша оң ықпалын тигізеді.

Экспорт демекші, мамандардың есебіне қарағанда кәсіпорын жұмысының алғашқы жеті жылында өндіру көлемі 500 мың автомобильді құрайды деп күтілуде. Шығарылатын көліктердің жартысынан көбісі Ресейдің Сібір, Қиыр Шығыс аймақтарына және Орталық Азия мен күнгей Кавказ елдеріне экспортталмақ.

Болашақ кәсіпорын қатарындағы бірінші үлгілер «LADA Granta» және «LADA Kalina» автомобильдері болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар