Мүгедек жандар Қазақстан мұражайларына кедергісіз бара алады

(Дауыстар: 1)
Мүгедек жандар Қазақстан мұражайларына кедергісіз бара алады

Семей қалалық әкімдігі мен ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, Абай атындағы музыкалық драма театрының қолдауымен «Кедергісіз театр», «Кедергісіз мұражай», «Кедергісіз ақпарат» жобалары іске асырыла бастады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Енді мүгедек жандар қаланың қоғамдықмәдени өміріне белсене араласады деуге негіз бар. Жалпы, Семей қаласында 12 мың мүгедек болса, оның екі мыңнан астамы театрға өздігінен келе алатын есту қабілеті нашар жандар екен. БҰҰ жобасының еліміздегі менеджері Рауан Қалиевтың хабарлауынша, бұл жобада мүгедек жандардың дені сау тұрғындармен бірдей мәдени орындарға барып, тынығуы үшін қолайлы жағдай туғызудың барлық мүмкіндігі жан-жақты қарастырылыпты.

– Жобаны жүзеге асыру барысында тифлокомментатор үшін арнайы жұмыс орны да ашылды. Сонымен қатар, театрда мүгедек жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін заманауи ролл-пандус – конструктор да орнатылып, мүгедектер арбасы да сатып алынды, – дейді Р.Қалиев.

Жоба БҰҰ-ның Даму бағдарламасы арқасында жүзеге асып отыр. «Кедергісіз мұражай» жобасы аясында да құлағы керең жандар қаладағы Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайын тамашалап, жәдігерлер туралы ақпараттарды ала алады. Семей қалалық ішкі саясат бөліміндегілердің айтуынша, жоба шеңберінде арнайы құрал-жабдықтар сатып алынып, құлағында мүкісі бар адамдар үшін арнайы бағдарлама да жасалыпты. Сондай-ақ, мүгедек жандар үшін жоба бойынша сатып алынған сенсорлы экрандарда көрсетілетін арнайы 3D-мұражай фильм де жасалған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар