Семей өңірінің әнші-композиторларын насихаттауға арналған конференция өтті

(Дауыстар: 2)
Семей өңірінің әнші-композиторларын насихаттауға арналған конференция өтті

2014 жылдың 22 ақпанда Педагогика факультеті «Музыкалық білім» кафедрасының базалық алаңы «№17 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Семей өңірінің әнші-композиторларын насихаттау» атты ғылыми-әдістемелік конференция өткізді.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалану қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы жоғарғы оқу орынмен мектеп арсындағы тығыз жұмыстың қажеттілігінен туып отыр. Жоғарғы оқу орындардың қарапайым мектептерді базалық алаңға айналдыруы зор нәтиже беруде.

Семей өңірінің әнші-композиторларын насихаттауға арналған конференция өтті

22 ақпан күні Семей қаласының Шәкәрім мемлекеттік университеті, Педагогика факультетіндегі «Музыкалық білім» кафедрасының базалық алаңы «№17 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде күнтізбелік жоспар бойынша «Семей өңірінің әнші-композиторларын насихаттау» тақырыбында өткен ғылыми-әдістемелік конференция осының айғағы. Конференцияның ашылуын мектеп директоры Василий Николаевич Бескеровный және «Музыкалық білім» кафедрасының базалық алаңының тәлімгері, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент-профессор Нұргүл Кәмілқызы Сұлтанова қатысушы қала мектептерінің ұстаздары мен композиторларды, Семей қалалық білім бөлімінің әдіскері А.Ж.Жұмагұлованы, «Музыкалық білім» кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., Б.К.Бодауованы ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік конференцияға келіп, қатысқандары үшін зор алғысын білдірді.


Семей өңірінің әнші-композиторларын насихаттауға арналған конференция өтті

Ғылыми-әдістемелік конференцияны салтанатты түрде №17 мектеп оқушыларының ән шашуымен басталды. Сонымен қатар, атаулы конференцияға Семей өңірінің өнер майталмандары, әнші композиторлары Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Алматы қаласының құрметті азаматы Бейсембеков Айтмұхамбет Тұрсынбекұлы, Татар мәдениеті орталығының төрағасы, Татарстан Республикасының композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Ахунжанов Габдулхак Габдуллович, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, білім беру ісінің үздігі, Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның бас дирижеры, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, сазгер Сейтқазы Оразғали Жүнісбекұлы келіп қатысып, мектеп жасындағы балаларға арналған әндер мен шығармаларын, ноталық жазбалары бар өз кітаптарын тарту етті.

Сондай-ақ, ғылыми-әдістемелік конференцияға арнайы Семейдегі №4 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Искаков Мэльс Сейтбекұлы «Семей өңіріндегі сазгер, майталмандар!», Маныбаева «Жасұлан» ұлдар лицейінің мұғалімі Гүльнар Тлеубайқызы «Семей өңіріндегі сазгерлердің әскери-патриоттық тақырыптағы шығармаларының маңызы», №1 мектептің ұстазы Кусманова Юлия Патриотқызы «Композитор Габдулхак Габдулұлы Ахунжанов», №17 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Әбдухамитов Айдар Әбдіхатұлы «Шығыстың шынары, көңілдің шырағы әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимов» тақырыбында ғылыми-әдістемелік баяндама жасады.

Семей өңірінің әнші-композиторларын насихаттауға арналған конференция өтті

Конференция соңында барлық қатысушыларға білім бөлімінің бас маманы, қалалық музыка мұғалімдері бірлестігінің әдіскері Тұрсынбекова Майнұр Есенбекқызы сертификаттармен бірге табыс етті. Марапаттау рәсімі музыка мұғалімі Ж.Қ. Құсманова жетекшілік ететін «Ғұмырдария» ән студиясының ән-шашуымен жалғасты.

Султанова Нургуль Камильевна
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
«Педагогика» факультетінің «Музыкалық білім» кафедрасының
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Базалық алаңын жетекші тәлімгері
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Білім

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар