«Бабалар сөзі» атты қазақ фольклорының кітаптар топтамасының тұсаукесері болды

(Дауыстар: 1)
«Бабалар сөзі» атты қазақ фольклорының кітаптар топтамасының тұсаукесері болды

Ақпанның жиырма алтысы күні Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде жергілікті ақын-жазушылар, оқырман қауым мен студенттердің қатысуымен «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклорының 100 томдығы топтамасының тұсаукесер рәсімі өтті.

Қазақ фольклорының жанрлық әрі эстетикалық сипатын толық қамтыған 100 томдық «Бабалар сөзі» кітаптар сериясы – баға жетпес рухани байлық, зор қазына, қазақстандық кітап баспасының орасан мақтанышы болып табылады.

Әлемде тұңғыш болып ұлттық фольклорлық мұраның 100 томдық жинағын шығару – басылымның айтарлықтай табысы деп білеміз.

Астанадағы «Фолиант» баспасы Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында орындалған 100 томнан тұратын «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклорының ұлы топтамасының тұсаукесер рәсімін жер-жерде өткізуді қолға алған еді. Алғашқы тұсаукесер Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Мәдените және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхамедтің және Парламент депутаттары мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың, жалпы көптеген зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өткен бұл 100 томдықтың кезекті тұсаукесері жергілікті өңірлер арасында бірінші рет Абай топырағында өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша дәл 100 том етіп, ұлттық байлықты бір жерге топтап, жүйелі түрде текстологиялық жұмыс жүргізіп, академиялық басылым ретінде 100 том етіп жарыққа шығарған мемлекет әлі жоқ көрінеді.

Бұл тұсаукесерге арнайы келген жазушы Медеу Сәрсеке, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов, университеттің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Искакова Гүлнар, «Фолиант» баспасының жетекші редакторы Ботагөз Мұхиден, филология факультетінің деканы Айбар Қадыровтар қатысты.

- Президентіміз Н. Назарбаевтың тікелей бастамсымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында ұлттық фольклорымыздың басым көпшілігі біртұтас серия түрінде «Бабалар сөзі» деген атаумен 100 том көлемінде жарыққа шығып отыр. Мәселен, батырлық жырдың өзі – 20 том, тарихи жыр – 13 том, діни дастандар – 7 том, хикаялық дастандар – 13 том, ғашықтық дастандар – 8 том, ертегілер – 5 том болып шықты. Бұлар – ірі жанрлар. Шағын жанрлардың өзі 1-3 томнан тұрады. Осыншама қыруар еңбекті абыроймен атқараған – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Астанадағы «Фолиант» баспасы.

Қазақ елінің әр өңірінде өткізуді тиіс санаған бұл шараның басты мақсаты – халқымыздың ұлттық мақтанышы саналатын аса бай фольклорын қалың жұртшылыққа толықтай таныстыру, ауыз әдебиетіміздің түр, мазмұн, жанрлары мен көркемдігі жағынан да баға жетпес асыл мұрасын паш ету,- дейді «Фолиант» баспасының жетекші редакторы Ботагөз Мұхиден.

Сөз қадірін өз қадіріндей бағалаған ақын-жазушылар бұл шараның маңызына тоқталып, «Фолиант» баспасының ұлт мұрасы жолында атқарып жатқан еселі еңбектеріне табыс тілеп, әр томның уақтылы әрі сапалы шығып тұруын қамтамасыз еткен «Фолиант» баспасының бас директоры Нұрлан Исабековтің атына толайым алғыстарын жеткізді.

Қазақ фольклоры – халықпен бірге жасасып келе жатқан зор рухани мұра. Ендеше, бабалар сөзі - халқымыздың теңдессіз асыл мұрасы, оны қағаз бетіне түсіру, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыру үлкен жұмыс екені белгілі. Халқымыздың сан ғасырлық асыл мұрасы әлі де зерттеп, жинақтауды қажет ететіні анық. Исі қазақ үшін "Бабалар сөзі" – алтын қазына, аманат мұра болып қала бермек.

Медет Демежан
сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Мәдениет | Кілт сөдер: кітап

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар